ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қазақстанда соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл жайлы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.«Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді», – деді Шарлапаев. Нәтижесінде барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартқан. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1 млн адамға жеткізу көзделіп отыр. Сол мақсатта 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Ал 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысы көлемі 15,5 шаршы метрден 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайтылған.Сонымен бірге министр биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 339 млрд теңгеге 22 мыңнан астам арендалық пәтер сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұдан басқа, әкімдіктер 110 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мың кредиттік пәтер салады. Мемлекет басшысы 6 сәуірде қол қойған «Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі» заңының шеңберінде әкімдіктерге кредиттік тұрғын үй құрылысын салу ғана емес, жаңа пәтерлерді сатып алу құқығы берілгенін атап өткім келеді», – деді министр.Шарлапаев сонымен бірге кезекте тұрған азаматтарға 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен 81 млрд теңгеге 7 мың ипотекалық несие берілетінін айтты. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9 %-бен 150 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық несие беру көзделген. «Қосымша, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап 7 – 9% мөлшерлемесімен жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосылатынын айта кеткен жөн. Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие беріледі. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие берілетін болады», – деді ведомоства басшысы.

Осылайша, ағымдағы жылы 64  мың азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 1 трлн теңгеден астам қаражат қаралуда.

Қазақстандықтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту – ҚР Үкіметі жұмысының басымдықтарының бірі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында осы бағыттар бойынша нақты міндеттерді белгіледі:

  • 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу;

үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау;

  • 40 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету;

Жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарда инженерлік жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарда инженерлік»Отбасы банк» 43,7 млрд теңге сомасына баспана алуға 2% жеңілдікпен 4,4 мың несие, сондай-ақ 32 млрд теңгеге 5% жеңілдікпен 2,7 мың несие түрінде баспанаға мүмкіндік  берді.

Бір-біріне өте жақын етіп үй салуға жол бермеу мақсатында 2024 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін бірыңғай қала құрылысы сараптамасының тетігі әзірленді. Енді әзірленген және түзетілген жобалар (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс жобалары) Мемқалақұрылыскадастырының ақпарат жүйесіне міндетті түрде тіркеліп, кешенді сараптамадан өтетін болады.  Үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту және құрылыстың ұзаққа созылу тәуекелдерін азайту үшін заңнамаға жаңа түзетулер әзірленді:

  • үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр, бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді;
  • құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл түзетулер – ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беруге жол бермеуді көздейтін шара. Ал, енді құрылыс және тұрғын үй нарығының Түркістан облысындағы көріністеріне тоқталар болсақ. Жалпы, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгеннен бері қаланың негізгі капиталына 400 миллиард теңге инвестиция құйылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы біршама ұлғайды – 3 мың гектарға жуық. Сонымен қатар, қала тұрғындарының саны бүгін 230 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға дейін, ал 2035 жылға қарай 350 мыңға дейін жететін болады», — деді премьер-министр үкімет отырысында.Ол қарқынды дамып келе жатқан қаланың барлық мұқтаждығы Түркістан қаласын дамыту бойынша ұсынылып отырған жоспарда ескерілгенін айтты. Құжат қала тұрғындары мен қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға мүмкіндік береді.Ұсынылған жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен келісілді. Қала инфрақұрылымын дамытудың тиісті схемалары әзірленді. Иә,  облыс орталығы мәртебесі берілген Түркістанда құрылыс ерекше қарқын алып, еліміздегі және шетелдегі ірі алпауыт компаниялары өз қызметін ұсына бастады. Қаланың бас жоспары қайта жасалып, рухани-мәдени және әкімшілік-іскерлік орталықтар бағытында дамытуға басымдық берілді. Екі бағытта да жаңа нысандар салынып, туризм саласы жандана түсті. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарын Түркістаннан бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы қыркүйектегі сапарында көптеген оң өзгеріс болғанын атап өтті. «Кейінгі жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көпқабатты үйлер салынды. Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады», деді Президент.

 

Түркістан облысының әкімі мәліметнше, қала шекарасына өзгерістер енгізу арқылы бастапқы қала аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға өзгертілді.

Қала халқы 2025 жылы – 250 мың адам; 2035 жылы – 350 мың адам; 2050 жылға қарай 500 мың адамға жетеді деп жоспарланған.

Қала жобасы мынадай функционалдық аумақтарға бөлінеді:

Әкімшілік-іскерлік орталық;

  • Рухани-мәдени орталық;
  • Қалыптасқан тұрғын аудандар;
  • Жаңа құрылыс аудандары мен алаңдары;
  • Өндірістік аймақтар;
  • Табиғи-рекреациялық аумақтар.

Бас жоспарда қаланың шығыс бағытында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық көзделген. Әкімшілік-іскерлік орталық 1450 гектар аумақты қамтиды.

«Бұл аумақта тұрғындарға арнап білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және спорт нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар кешені, бизнес-орталықтар, компаниялардың кеңселері, банктер және тағы басқа нысандарды орналастыру көзделген», — деді әкім.Өткен жылдың басында қаланың тұрғын үй қоры 3,8 миллион шаршы метрді құраса, 2025 жылы 6,1 миллион шаршы метрге жетеді деп көзделген. Ал 2035 жылы 9,8 миллион шаршы метрге дейін немесе бір адамға шаққанда 28 шаршы метрге дейін өседі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *