Өткен жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады. Осы мәселелерді бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат жиынында талқыланды.
– Тұрғындарды жұмыспен қамту жоспары жүйеленіп, сапалы орындалуы тиіс. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырамын. Әсіресе халық тығыз орналасқан аудандарда жағдай қиын. Тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек, – деді облыс әкімі.
«Қазіргі күрделі кезеңдегі біздің басты міндетіміз – жұмыссыздықтың күрт көбеюіне, жұмыс орындарының жаппай қысқаруына және тұрғындар табысының азаюына жол бермеу. Сонымен бірге іскерлік белсенділікті сақтау үшін бизнесті ынталандыру өте маңызды», – деген болатын Мемлекет басшысы з жолдауында. Мемлекет басшысының тапсырамсынан туындап отырған міндеттер мен мәселенің оң шешілуі үшін тиісті ведомостволар мен қатар жергілікті атқарушы билік те жоспарлы , жүйелі жұмыстар атақуда.
Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, өңір басшысының бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланды. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Осы жылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жоспарлануда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Атап өтерлік, 2023 жылдың 1 айында жалпы 6,8 мың азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды.
Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, Келес, Сарыағаш және Шардара аудандарының грант алушыларымен пилоттық жобалар жүзеге асырылады. Келес ауданында мал шаруашылығы, Сарыағашта құлпынай өсіру, Шардарада тігін салалары бойынша кооперативтер құрылады. Осылайша, жоба арқылы осал топтағы азаматтарды қамтып, күнкөріс деңгейін арттыру мақсат етілген.
2024 жылдан бастап жұмыспен қамту орталықтары түбегейлі форматталады. Республика көлемінде пилоттық режимде Астана қаласы, Қарағанды облысымен қатар Түркістан облысының Бәйдібек, Сарыағаш аудандары, Кентау және Түркістан қалаларының орталықтары трансформацияланады.
Басқарма тарапынан ірі кәсіпорындарында 1 мыңға жуық бос жұмыс орындары бар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарына ұсыныс хат жолданып, еңбек ресурстарын арттыру үшін келіссөздер жүргізілуде.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері бүгінде 700 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қорғау қызметтерін көрсетіп келеді. Осы және өзге де жұмыстар жайлы өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен жүздескен басқарма басшысы Әсия Темірбаева кеңінен баяндап берді.
Алдымен көші-қон бағытына тоқталған Әсия Құралқызы биылғы жылдың он айында өңірге 735 отбасы немесе мыңнан астам этникалық қазақ қоныс аударып, қандас мәртебесін алғанын айтты. Олардың 1036-сы Өзбекстаннан, 11-і Ауғанстаннан, сегізі Тәжікстаннан және 18-і басқа мемлекеттерден көшіп келіп, Сарыағаш, Қазығұрт, Ордабасы, Келес, Түлкібас, Бәйдібек, Мақтаарал, Төлеби, Шардара аудандары мен Түркістан, Кентау және Арыс қалаларына қоныстаныпты. Көрсеткіштерге сүйенсек, этникалық қазақтардың 677-сі еңбекке жарамды болса, 54-і жоғары, 289-ы кәсіптік, 321-і орта білім алған, ал, 11-інің білімі жоқ. Сонымен бірге биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға 170 квота бекітілсе, 5 шетел азаматына пана іздеуші және 8 шетел азаматына босқын куәлігі берілген.
– 2015 жылдан бері жұмыс күші азайған еліміздің солтүстік өңірлеріне халықты көшіру жұмыстары жүргізілуде. Тиісінше 2015-2022 жылдар аралығында өңірімізден 12 мыңға жуық адам немесе 3 080 отбасы солтүстік облыстарға қоныс аударған. Ал, биыл министрлік республика бойынша 6 727 квота бөліп, тоғыз айда Түркістан облысынан 340 отбасы немесе 1 426 адам солтүстікке қоныс аударды. Қазіргі таңда солтүстікке қоныс аударғандардың 30 пайызы Түркістан облысының тұрғындары болып саналады. Қоныс аударғандардың 576-сы жұмысқа қабілеттілер қатарынан болса, қалғандары кәмелетке толмаған жастар, студенттер, зейнеткерлер, бала күтіміндегілер және де басқа да санаттағылар. Еңбекке жарамды жастағылардың 80,5 пайызы тұрақты жұмысқа орналасса, 33 адам өз кәсібін бастап, 79 адам үй шаруасымен айналысуда. Олар тұрғын үймен, жер телімдерімен, балабақша, мектеп, мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдаулармен қамтамасыз етіліп жатыр. Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыста әлеуметтік көмекке жеткілікті қаражат көзделгенін атап өткен жөн. Соңғы 4 жылда кедейлік деңгейін және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады. Бүгінгі күні облыста 154,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал, кедейлік деңгейін төмендету – атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту бағытындағы белсенді жұмыстың арқасында орындалуда. Тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту үлесі жыл сайын ұлғайып, 2023 жылдың 10 айында еңбекке жарамды 32,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, Түркістан облысында 2020 жылдан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың кедейлік деңгейінен шығуына ықпал ететін «Қамқорлық» бағдарламасы іске асырылуда. Нәтижесінде 2020 жылдан бері 4,5 мың отбасыға 1 433,1 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетіліп, 142 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Оның ішінде биылғы он айда 837 отбасыға 269,3 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 27 отбасы жаңа қонысқа қол жеткізді, – деді басқарма басшысы.
Биыл өңірімізде 26 528 отбасыға 10 128,4 млн. теңге көлемінде АӘК тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 7,2 пайызына тең келіпті. Бір қуанарлығы, өткен жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 22 пайызға азайыпты. Ал, келер жылы кедейлікті төмендету, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 38 610 отбасыға 15 млрд. теңге көлемінде көмек тағайындалады деп жоспарланса, 40 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына тартылмақ. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары өңірдегі 17 аудан, қалада отбасыларды қолдау орталықтарын ашу көзделген.
Баспасөз жиынында мүгедектігі бар азаматтарды қолдау мәселесі де сөз болды. Басқарма басшысының айтуынша, бұл мақсат үшін биыл бюджеттен 11,1 млрд. теңге бөлінсе, 50 мыңнан астам техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылып, қажеттіліктің 85,2 пайызы орындалыпты. Жалпы, қазіргі уақытта өңірде 97 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркеуге алынса, олардың 82 174-і ересектер, 14 901-і балалар екен. Айта кетсек, 2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл порталға 170 өнім беруші мен қызмет көрсетуші тіркелген. Олардың арасында оңалту құралдарын әзірлейтіндер, емдеу-сауықтыру қызметін көрсететіндер, ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілер бар. Сәйкесінше 2024 жылы аталған салаға 12,1 млрд. теңге бөлініп, 48 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Ал, басқарма қарауындағы жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар балалар мен ересектерге 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет көрсетіп жатыр. Олардың төртеуі тәулік бойы, алтауы аптасына бес күн күндізгі уақытта қызмет етсе, біреуі емдеу-сауықтыру, тағы біреуі кәсіптік білім беру ісімен айналысады.
– 2018 жылы облыс орталығының Түркістан қаласына ауысуына байланысты бірқатар әлеуметтік нысандар Шымкент қаласының теңгеріміне берілді. Осы және облыстағы мүгедектігі бар адамдардың саны ескеріле келе, 2019 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, балаларға арналған 7 нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалған. 2021 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Соның бірі 200 орынға лайықталған, мүгедектігі бар ересек адамдарға арналған оңалту орталығы болатын. Аталған нысанның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталып, жоспарға сәйкес құрылыс 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталды, – дейді Әсия Құралқызы.
Жалпы, қазір өңірімізде 186 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Жыл сайын жекелеген санаттағы 7 800 азаматқа басқармаға қарасты екі мекеме арқылы сауықтыру қызметтері көрсетіліп келеді. Мәселен, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйі әр лекте 200-ден санағанда жылына 4 000 зейнеткерді қабылдайды. Дегенмен, 1989 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуді қажет ететіндіктен және Шымкент қаласында орналасқандықтан, нысанды Сайрам ауданының аумағында орналасқан қолайлы әрі заманауи ғимаратқа көшіру жоспарланып отыр екен.
Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласында «Мүгедектігі бар адамдар күні» және «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің» кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі басталды. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Qamqorlyq» жанұя орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен кәсіпкер әйелдер әзірлеген «ІСКЕР АНА» өнімдер жәрмеңкесі де табыс өткен басқосудың бірі деп айтуға болады.