ІШКІ КӨШІ-ҚОН ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛГІН АРТТЫРУДА

Қазақстанда ішкі көші-қонды ынталандырудың жаңа шаралары енгізіліп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады. Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке көшуге қатысты мәселеге тоқталып, cолтүстікке көшіп келушілерді ынталандыру үшін оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есе, яғни, 35 айлық есептік көрсеткіштен 70 айлық көрсеткішке дейін көбейту керек деп тапсырма берді.Сондай-ақ бағдарламаларда жұмыс күшінің тапшылығын сезінетін экономиканың басым секторлары айқындалатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында тарихи отанында қандастарды қабылдау және жайғастыру саясаты да қайта қаралмақ.

«Республикалық маңызы бар қалалардағы халық санының көптігі қазіргі кезде мақтанарлық жағдай емес, керісінше тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылыққа негіз болып отыр. Ірі қалалардың тұрғындары көбейіп келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, жаңа тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған Павлодар және Петропавл сынды қалаларда, жалпы солтүстік өңірлердегі бірқатар облыстарда  адамдар мен еңбек ресурстарының тапшылығы бар.

Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс», деді Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

«Қазіргі күрделі кезеңдегі біздің басты міндетіміз – жұмыссыздықтың күрт көбеюіне, жұмыс орындарының жаппай қысқаруына және тұрғындар табысының азаюына жол бермеу. Сонымен бірге іскерлік белсенділікті сақтау үшін бизнесті ынталандыру өте маңызды», – деді Мемлекет басшысының сөзін еңбек миграциясын реттеуде басшылыққа алған халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері деи әкімдіктермен бірігіп жұртшылықты солтүстік өңірге көшуге байланысты бағдарламамен таныстырып, т.рлі жәрмекңкелер мен кездесулер ұйымдастыруда.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға Республика бойынша 7050 квота бөліп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облысы белгіленді (Абай облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы). Бөлінген квота негізінде, ағымдағы жылдың төрт айында Түркістан облысынан 107 отбасы, 372 адам қоныс аударды (Анықтама үшін: Шығыс Қазақстан облысына 9 отбасы, 28 адам; Қостанай облысына 3 отбасы, 7 адам; Павлодар облысына 49 отбасы, 225 адам; Солтүстік Қазақстан облысына 40 отбасы, 93 адам; Қарағанды облысына 1 отбасы, 2 адам; Абай облысына 4 отбасы, 12 адам; Ұлытау облысына 1 отбасы, 5 адам қоныс аударды). Аталған жұмыстар жалғасын табуда. Осы ретте, бүгінгі мақаламызда Түркістан облысынан Солтүстік өңірлеге қоныстанушылар туралы таратып айтпақпыз.

Ел тәуелсіздік алғалы солтүстік өңірлердегі көштің ағыны тоқтаған емес. Әріге бет түзегендер мен нәсіп тартып ірі қалаларға қарай үдере көшкендердің есебі қисапсыз. Жасыратыны жоқ, оңтүстік пен батыс өңірлердегі біршама отандасымыз екі қолға бір күрек таппай жүр. Аймақтардың еңбек ресурстары арасындағы осы мәселені жою үшін арнаулы мемлекеттік бағдарлама түзіліп, жүзеге асты. Түркістан облыстық облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылдан бері өңірімізден 5540 тұрғын теріскейге табан тірепті. Жалпы бағдарламаның тиімділігі қандай? Осыдан бірнеше ай бұрын Солтүстік Қазақстанға аттанып, көпшілікті теріскейге көшуге шақырып жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақановпен әңгімелесіп, аймақтан солтүстікке көшкендермен жүздескен болатынбыз.

Еліміздің солтүстігіне көштің жайын кеңінен тарқатсақ. Қостанай қаласына табан тірегеніміз сол еді, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежай бізді күтіп алды. Әуежай ауласында біраз уақыт тұрып, ауаның тазалығына рахаттанып алдық. Келесі бағыт Қостанай облысы әкімдігіне кіріп, өңір әкімінің орынбасарымен жүздесіп, қоныс аударушылардың жағдайын сұрап, жұмыс барысымен таныстық.

— Негізі 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысына Түркістан облысынан 1093 адам (348 отбасы) қоныс аударған. Облыстың барлық 20 аудандары мен қалаларында (ең көбі Қостанай қаласында 192 адам (17%), Сарыкөл ауданында — 141 адам (13%), Рудный қаласында – 119 адам (11%), Әулиекөл ауданында – 94 адам және т. б.) қоныс аударған. Келген мамандардың қатарында медицина қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер), мұғалімдер, тәрбиешілер, бағдарламашы-лар, мәдени ұйымдастырушылар, тракторшылар, аспазшы көмекшілері, жүргізушілер, есепші, газ-электрмен дәнекерлеушілер, экономист, тігінші және тағы да басқа мамандық иелері бар. Қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға отбасының басшысы мен әрбір мүшесіне 70 АЕК (241500 теңге) мөлшерінде көшуге, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге — ай сайын 12 ай ішінде (қалалық жерге қоныс аударғандар үшін 20-дан 30-ға дейінгі мөлшерде) материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі АЕК (69000 – 103500 теңге) және ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін 15-тен 21 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (51750 – 72450 теңге) отбасындағы адамдардың санына байланысты). 2023 жылдан бастап экономикалық ұтқырлық сертификаты — тұрғын үй сатып алу, салу үшін ақшалай төлем немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна түрінде материалдық көмек көзделген. Сертификат тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде отбасына беріледі, бірақ 1 160 АЕК-тен аспайды (2023 жылы — 4002,0 мың теңге). Биыл облыста квотаға Түркістан облысынан 151 адам (шығу өңірлерінен барлығы 680 адам) енгізілді. Барлығына көшуге, тұрғын үйді жалға алуға материалдық көмек төленді. Ағымдағы жылы экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша 15 отбасы (60 адам) тұрғын үй сатып алды, — деп мәлімдеді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали. Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, келешекте өңірдің әр аудан-қаласы арнайы дәрігерлер үшін 4 үй алып қою мәселесін қарастырып отыр екен. Ал ақ халатты абзал жандар үшін резидентура өтуге 70 квота қаралған. Міне әкімшілік ішіндегі қызметкерлердің бар мәліметі осы. Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар-дың осы бағдарламаға көңілі тола ма?

— Қостанай маған ұнады. Қала іші таза әрі тыныш. Бизнес жүргізуге өте қолайлы. Себебі, біздің оңтүстіктегідей бәсекелестік жоқтың қасы. Халықтың сұранысы өте жоғары, себебі мұндай тағамдар жоқ десек те болады. Енді осында қалғым келіп отыр, — дейді Азиза Абдрасулова. Кәсіпкер келіншек маусым айында Түлкібас ауданынан көшіп келген. Қостанайлық болған келіншек қазан айында «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы 1380000 теңге қайтарымсыз грант жеңіп, кәсібін өрге дөңгелетіп отыр. Ол жеңген қайтарымсыз грант ақшасына гриль, чикен, лаваш дайындайтын құрал-жабдықтар, тоңазытқыш, фритюр сатып алып, Қостанай қаласының ортасынан дәмді тағамдар дайындайтын орталық ашып, ел алғысына бөленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *