ТҮРКІСТАН: АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ «ЖІБЕК ЖОЛЫ-ІІІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Алматы қаласында өткен Түрік университеттерінің «Жібек жолы-ІІІ» халықаралық білім көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

Қазақстандық және түркиялық  университеттерді таныстыру көрмесі Түркия Республикасы сауда министрлігінің, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ KZ-EXPO компаниясының қолдауымен өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мен Түркия Бас консулдығының білім беру атташесі Айхан Коркмаз сөз сөйлеп, білім саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігіне назар аударды.

Халықаралық көрмеге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең үздік бағдарламаларын, тілдік бағдарламаларды, мәдени алмасу бағдарламаларын ұсынатын Түркия мен Қазақстанның жетекші университеттері қатысты.  Жалпы саны 25 мемлекеттік және жеке жоғары оқу орнының, атап айтар болсақ, Түркиядан – 12, Қазақстаннан – 13 университеттің өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп түлектеріне ақпараттық-танытым жұмыстарын жүргізді. Олар үздік  жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті критерийлер мен талаптар, оқу құны және студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер туралы айтып, арнайы тілдік бағдарламалар жөнінде ақпарат берді.

Қазақстан мен Түркияға ортақ оқу орнымыз да білім көрмесіне белсенді қатысып, қатысушыларға университет мүмкіндіктері мен білім беру бағдарламаларын таныстырды.         Айта кетерлігі, «Жібек жолы-ІІІ» халықаралық білім көрмесі өзіндік ерекшелікке ие. Жоба барысында тұңғыш рет түркиялық және қазақстандық университеттер өзара ынтымақтастық орнатып, 200-ден астам меморандумға қол қойылды.

Университетіміз Times Higher Education Impact Rankings (THE) – 2024 рейтингі нәтижесі бойынша қазақстандық ТОП-5 университет қатарынан көрінді.           THE – бұл университеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша жұмысы бағаланатын жалғыз жаһандық тиімділік кестесі. Рейтинг төрт көрсеткіш бойынша түзіледі, олар: зерттеу, басқару, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және оқыту.

Биыл алтыншы рет жарияланған рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді.

Халықаралық талдау агенттігі тізімге қазақстандық 26 университетті де енгізген. Соның ішінде ахмет Ясауи университеті  жалпы талдау нәтижесі бойынша 100 ден 50.2 ұпай жинап, 1001-ші позицияға тұрақтады. Бұл – қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы үздік көрсеткіштердің (5 орын) бірі.Айта кететін жайт, Times Higher Education Impact Rankings рейтингі мейлінше көп университеттердің қатысуына ыңғайлы етіп дайындалса да, талаптары өте жоғары. Сондықтан оған қатысуға кез-келген оқу орны тәуекел ете алмайды. Ал биылғы көрсеткіш біздің университеттің әлемдік деңгейде өзінің алар орны бар екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Оқу орны 2015 жылы БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағыты бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе, университетіміздің «Сапалы білім», «Лайықты жұмыс және тұрақты экономикалық өсу», «Салауатты өмірді қамтамасыз ету және жақсылықты насихаттау», «Қарым қатынас үшін мақсаттар» бағыттары аясындағы жобалары рейтинг талдаушыларының оң бағасын алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *