6 қазан күні біз үшін жаңа бір бастама болмақ. Қазіргі таңда халқымыздың АЭС бойынша пікірлері жақсаруда. Баршамыздың пайдамыз болған соң АЭС-тың айрықша артықшылықтарын анықтап, айқындап жатыр. Білікті де, беделді ғалымдарымыз , мамандарымыз барын салып түсіндіріп жатыр. Нендей бастама болсадағы екі жақты, екі жарғыдай пікір болатыны даусыз. Әрине пікірлер мен ойлардың тайталасы әліде жалғасуда. Дейтұрғанмен жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды дегендей АЭС-тың ауыз толтыра айтатындай пайдасы болмаса , алпауыт мемлекеттер АЭС-ты алғашқылардың бірі болып қолға алмас еді. Барлығын тізіп айтыпта болдық. Электр қуаты тапшылығында тізбектеп, барлық жүйелердің ақсаңдап тұрған тұстарын талқылапта , жұмыссыздық жайында жалпы барлығының нақты бір шешімі АЭС екенін аңғардық.
Қалай десек те, бүгінгі батыл шешімдер — келешек жарқын қадамдарға жетелейтіні анық.
Осындай маңызды кезеңде барша қазақстандықтарды, жерлестерді алдағы айтулы күннен қалыс қалмай, референдумға қатысуға шақырамын!