АЭС салу бойынша біздің елімізде қызу талқыға түсуде. Бұл біздің елдің болашағына қатысты үлкен мәселе екендігі белгілі. Сондықтан күнделікті тұрмыста көріп, байқап жүрген электр қуаты тапшылығының алдын алу тұрғысында АЭС салу шешімін қолдаймын. Мемлекет басшысы жолдауда атом электр станциясын құрылысы бойынша референдум күнін белгіледі.
Осыған орай АЭС қолдау жөніндегі тиісті жұмысшы топтар әр аймақта Президенттің атом электр станциясын салу туралы идеясын талқылауда. Жалпы әлемде атом электр станциясын тұрақты энергия көзіне айналдырып отырған елдер бар екеніндігі жөнінде барлығы біледі. Сарапшылардың айтуы бойынша бұл бастама Қазақстанның болашағына айтарлықтай өзгеріс алып келетінін алға тартып отыр. Осы тұрғыда атом электр станциясынан алынатын энергия экологиялық таза әрі қауіпсіз екенін айтуда.
Бізде жұмыссыздық мәселелесінде шешімі табылатындай. Себебі, елімізде атом электр станциясының құрылыс жұмыстары басталатын болса, кемінде 10 мыңға жуық адам жұмысқа тартылмақ. АЭС іске қосылғанда 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.