Ғылым – қоғамның өркениетке қарай дамуының негізгі тірегі. Қоғамның барлық түйткілді мәселелері ғылымның араласуымен шешіліп, оның жетістіктері арқылы өркениет өрісін кеңейтеді. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында еліміздің ғылым саласын өркендетудің маңыздылығына ерекше тоқталып: «Ғылым – адамзат пен табиғат арасындағы байланыстырушы алтын көпір. Біз осы көпірді нығайтып, ғылыми жетістіктер арқылы әлемдік көштің алдыңғы қатарында болуымыз керек. Бұл – күрделі мақсат, бірақ оны орындау заман талабы», – деп атап өтті.
Түркістан өңірінде орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстардың айқын көрінісі әрі ғылым мен білім саласының ажырамас құрамдас бөлігі. Бұл оқу орны әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктерге жету жолында үздіксіз еңбек етіп, қоғам мен экономиканың заманауи талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыруда. Ғылымды қоғам қажеттіліктеріне бейімдеу, заманауи зерттеу әдістерін енгізу және олардың нәтижелерін елдің экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына ықпалдастыру – университеттің басты міндеттерінің бірі.
Ахмет Ясауи университетінің ғылыми әлеуеті оның көпжылдық еңбегі мен қол жеткізген жетістіктері арқылы айқындалады. Университетте ғылымды дамытуға бағытталған іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер жүргізіледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер білім беру жүйесіне енгізіліп, жаңа технологиялар мен әдістемелердің негізі қаланады. Бұл – қоғам мен ғылымның өзара байланысының нақты көрінісі.
Оқу ордасының ғылыми қызметі түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, медицина, экология, биотехнология және электр энергетикасы сияқты салаларға ерекше бағытталған. Бұл ғылым салалары Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, оны жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдыру жолында маңызды рөл атқарады.
Университет ғалымдары қоғамның көкейкесті мәселелерін шешу үшін кешенді зерттеулер жүргізуде. Бұл зерттеулер тек іргелі ғылым саласындағы жаңалықтармен шектелмей, сонымен бірге қолданбалы сипатқа ие. Мысалы, экология мен биотехнология саласындағы жұмыстар қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге бағытталған, ал ақпараттық технологиялар бойынша зерттеулер цифрландыру үдерісін жеделдетуді көздейді.
Оқу орнында медицина мен биология саласындағы зерттеулер ерекше маңызға ие. Университет ғалымдары денсаулық сақтау саласындағы жаңа тәсілдер мен дәрілік препараттарды әзірлеумен айналысады. Бұл зерттеулер халық денсаулығын жақсартуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, түркология мен археология салаларындағы ғылыми жұмыстар ұлттық мәдени мұраны зерттеу мен сақтау тұрғысынан үлкен мәнге ие. Университет ғалымдары Түркі әлемінің тарихи және мәдени мұраларын зерттеу арқылы ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтауға елеулі үлес қосуда. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оның басты артықшылықтарының бірі болып табылады. Мұнда 1 200-ден астам оқытушы жұмыс істейді, олардың арасында 71 ғылым докторы, 299 ғылым кандидаты және 146 PhD докторы бар. Бұл көрсеткіштер университеттің жоғары ғылыми дәрежесін дәлелдейді және оның зерттеушілері мен оқытушыларының білім мен ғылым саласына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
Ғалымдардың халықаралық деңгейде танылуы үшін университет ғылыми мақалаларды халықаралық беделді журналдарда жариялау саясатын белсенді түрде қолдайды. Бүгінгі таңда университет ғалымдары Scopus базасында 500-ден астам мақала жариялап, жоғары ғылыми беделге ие болды. Ал Scopus жүйесінде хирш индексі бар ғалымдар саны 448-ге жетті. Бұл көрсеткіштер университеттің ғылыми жетістіктерін жаһандық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Университет өз ғалымдарына ғылыми мақалаларын жариялау үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Мәселен, 28 жылдық тарихы бар «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таратудағы маңызды басылымға айналған. Сонымен қатар, «Түркология» және «Ясауи хабарлары» сияқты журналдар да өз салаларындағы зерттеулерді кеңінен насихаттайды.
Бұл басылымдар отандық және халықаралық деңгейде танылып, Түркияның беделді DergiPark платформасына енгізу бағытында жұмыс жүргізілуде. Бұл қадам университет ғалымдарының зерттеулерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа ұсынуға мүмкіндік береді және олардың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын арттырады.
Ахмет Ясауи университеті өзінің ғылыми әлеуетін тек білім беру саласымен шектемей, қоғамның барлық салаларына ықпал ететін орталық ретінде қызмет атқарып келеді. Университеттің ғылыми зерттеулері Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосуда. Бұл оқу ордасы Қазақстанның ғылым мен білім саласындағы маңызды орталықтарының бірі ретінде танылып, ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған. Университеттің ғылыми жетістіктері еліміздің дамуына серпін беріп, оны әлемдік аренада ғылым мен технология саласындағы жетекші елдердің қатарына қосуға бағытталған. Бұл оқу ордасының ғылым саласындағы жетістіктері халықаралық деңгейде де танылып келеді. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының саны 1 200-ден асады, оның ішінде 71 ғылым докторы, 299 ғылым кандидаты және 146 PhD докторы бар. Ғалымдардың Scopus базасында индекстелетін журналдарға жарияланған мақалаларының саны 500-ге жуықтады. Ал Scopus жүйесі бойынша хирш индексі бар ғалымдар саны 448-ге жетті. Мұндай көрсеткіштер білім ордасының халықаралық ғылыми қауымдастықтағы беделін айшықтай түседі. Университет өз ғалымдарына ғылыми еңбектерін жариялау үшін кең мүмкіндік ұсынып келеді. 28 жылдық тарихы бар «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін насихаттау алаңына айналған. Сонымен қатар, университетте «Түркология» және «Ясауи хабарлары» секілді ғылыми журналдар жарық көреді. Университет Сенаты бұл басылымдарды халықаралық деңгейге шығару үшін Түркияның DergiPark базасына енгізуді қолға алған. Ғылыми басылымдардың халықаралық базаларға енуі ғалымдарға мол мүмкіндіктер ашады. Мәселен, DergiPark платформасы күніне 100 мыңнан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді. Бұл отандық зерттеушілердің еңбектерін әлемдік ғылыми қауымдастыққа ұсынуға мүмкіндік береді. Университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі вице-ректоры Айнаш Есімбекқызы Ошыбаева атап өткендей, «Бұл қадам біздің ғалымдарымызға халықаралық деңгейде танылуға және өз еңбектерін бүкіл әлемге паш етуге жағдай жасайды».
Бұдан бөлек, Ахмет Ясауи университеті өз профессорларын, докторанттарын және жас ғалымдарын қолдау үшін кешенді бағдарламалар әзірлеген. Бауырлас екі ел – Қазақстан мен Түркияның білім беру жүйесін интеграциялау аясында университет магистранттары мен докторанттары Түркияның жетекші оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтайды. Түркиядан келген ғалымдар да бұл оқу ордасына зор үлес қосуда.
Жас ғалымдар үшін үлкен маңызға ие болған қолдау шараларының бірі – мемлекет қаржыландыратын ғылыми жобалар. Университет жанында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобалары тек ғылыми ізденістермен ғана шектелмей, оларды коммерцияландыруды да көздейді. Бұл бағытта «Қазақстанның оңтүстігінің субаридті жағдайлары үшін сәндік дақылдардың бейімделгіш және стресске төзімді отырғызу материалын жеделдетіп өсіру» және «Қазақстанда қызғалдақтың эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу» сияқты маңызды гранттық жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Ахмет Ясауи университеті ғылымға негізделген білімнің күшімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруде. Бұл оқу ордасының ғалымдары мен зерттеушілері қоғамның көкейкесті мәселелерін шешуге, жаңа технологияларды енгізуге және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған еңбектерімен үлгі болып отыр.
Бұл игілікті жұмыстардың барлығы отандық ғылымды өрістету арқылы Қазақстанның әлемдік көшбасшы елдердің қатарында болуына үлес қосу жолындағы батыл қадамдар.