БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Білім – қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізгі тірегі. Тарихи тұлғалардың бірі Томас Джефферсон: «Кез келген ұлттың дамуы мен бақыты білім беру жүйесіне тәуелді» деп атап өткендей, қазіргі жаһандану дәуірінде еліміздің білім беру саласын үздіксіз жаңғырту заман талабы болып отыр. Әлемдегі ғылым мен технологиялар қарқынды дамыған тұста, Қазақстан да бұл үрдістен шет қалмауы тиіс. Осы бағытта Ғылым және жоғары білім министрлігі қолға алған реформалардың нәтижесі қазірдің өзінде оң көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Жаһандық сын-қатерлер әрқашан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның білім жүйесінде жүзеге асырылған реформалар мен іс-шаралар осы бағытта маңызды қадам болып табылады. Мәселен, академиялық адалдық пен ашықтық қағидаларын енгізу; Алтын белгі иегерлерінің білім деңгейін тәуелсіз бағалау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде емтихан тапсыру; балалардың әлеуметтік жағдайын анықтауға бағытталған «Балаға лайық» республикалық акциясының жүргізілуі сияқты бастамалар қоғам назарын аудартты. Бұған қоса, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын мамандандырылған мектептерге қабылдау үшін жаңа 15% квота енгізіліп, ауыл мектептерінің түлектеріне жоғары білім алу үшін 35%-ға дейін квота бөлінді. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту да негізгі басымдықтардың бірі. Халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, білім беру мекемелеріндегі оқу құралдарының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталықтары ашылып, қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары да өз қызметін белсенді түрде атқарып келеді. Әлеуметтік қолдау шараларының ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған жаңа жәрдемақы түрлері – кепілдендірілген әлеуметтік пакет пен мемлекеттік жәрдемақы енгізілуі де айтарлықтай маңызға ие.

Жоғары білім беру деңгейінде де жүйелі өзгерістер орын алуда. Мәселен, инженерлік және IT мамандықтарға деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Болашақ» бағдарламасы қайта бағдарланып, бұл салаларға бөлінетін гранттар саны 60%-ға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында магистратура, докторантура және резидентура бойынша шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігі артты. Қазіргі білім беру жүйесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау басты мәселелердің бірі болып отыр. Инклюзивті білім беру саласында педагогикалық кадрлардың жеткіліксіз дайындығы, арнайы әдістемелік материалдар мен оқулықтардың тапшылығы өзекті проблемаға айналуда. Әсіресе, жеңіл ақыл-ой кемістігі немесе ақыл-ой дамуында ауытқуы бар балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету маңызды міндет ретінде қарастырылуда. Мектептерде ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жеке бағдарламалар құру үлкен күш-жігерді талап етеді. Мұндай балалардың білім деңгейіндегі олқылықтарды толтыру үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру қажет, алайда бұл мүмкіндік барлық жағдайда тиімді іске аспай жатады. Мұғалімдер бір оқушыға ғана емес, сыныптағы барлық балаларға лайықты білім беру бағдарламасын әзірлеуі керек, бұл педагогикалық жүктемені еселеп арттырады. Ата-аналардың да ерекше балаларды оқытуға толыққанды қолдау көрсетуге мүмкіндігі аз, себебі олардың басты назары баланың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Қазіргі заманның білімді инновациялық шешімдерін генерациялай алатын ұрпақ тәрбиелеуде ғылым мен білімнің орны ерекше, онда ғылым ұстазының  ақпараттандырылған, IQ деңгейі жоғары, дүниетанымы кең, парасатты  болуы міндетті. Сондықтан оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруін қамтамасыз етуі мемлекеттік бағдарламалармен қолдау табуда. Мысалы, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін, ғылыми педагогикалық тағылымдамалардан өту үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламасынан стипендиялар бөлінуде. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Негізгі назар инженерлік-техникалық кадрларды даярлау болғандықтан, «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT-мамандықтарға гранттар саны 60% — ға дейін ұлғайды.

Еліміздің білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты тетігі ретінде экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге Жаңа бағыттағы – Жаңа Қазақстанның жастарына білім беріп, бәсекеге қабілетті маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту мемлекеттік маңызды ұстаным деп ойлаймын. Осындай жетістіктерге жету әрине көп күш пен қаражатты қажет етеді, бұл болашақта Қазақстанның білім мен ғылымының жаһандық бәсекеге қабілетті етуінде орны ерекше.

 

Статистикалық мәліметтер бойынша, инклюзивті білім беру саласында жағдай жасауда ең төменгі көрсеткіштер Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында тіркелген. Мұны аталған өңірлердегі оқушылар санының көптігімен де байланыстыруға болады. Осыған қарамастан, бұл аймақтарда әлеуметтік кедергілерді азайту және педагогикалық ұжымның біліктілігін арттыру бағытындағы шаралар белсенді түрде қолға алынуы тиіс. Қазақстанның білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты – әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Бұл үшін ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше назар аудару қажет. Білім беру жүйесіндегі заманауи технологияларды енгізу және тиімді оқыту әдістерін қолдану – бұл саладағы басты міндеттердің бірі. Болашақ ұрпақтың интеллектуалды әлеуетін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар маңызды бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, ғылыми-педагогикалық тағылымдамалар арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және олардың инновациялық шешімдерді игеруін қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның білім беру саласын жаһандық деңгейге көтеру – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты тетігі. Оған қол жеткізу үшін жүйелі түрде ресурстар мен күш-жігерді жұмсау қажет. Білім беру реформаларының сәтті жүзеге асырылуы Қазақстанның ғылым мен технологиялар саласындағы орнын нығайтып, еліміздің болашағына жол ашады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *