Адам құқықтарын қорғау өте өзекті тақырып. Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол ең алдымен өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы осы саладағы қалыптасатын басқа барлық құқықтар мен бостандықтың бастапқы негізін қалайды. Ол әлемдік өркениеттіңең жоғарғы құндылығы болып табылады, өйткені адам мерт болған жағдайда басқа құқықтың маңызы жойылады. Адамның өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау, еркін жүріп тұру, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы, сөз және наным, денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарының сақталуы мәселелері егжей-тегжейлі танылады. Сондықтан, адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтасуының рөлі маңызды. Адам құқықтары институтының қалыптасуы ұзақ уақытты талап етті. Әділетті түрде қалыптасып, даму шыңына ХХ ғасырда жеткен. Адам құқықтары негізінен жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты. Олар мемлекеттік биліктің жеке тұлғаларға қатысты бақылануын және реттелуін іске асырады, мемлекетке қатысты жеке тұлғаларға еркіндік береді және мемлекеттен негізгі адами құндылықтарды қанағаттандыруды талап етеді. Адам құқықтарын қорғау БҰҰ-ның бастауымен айқындалады. Біріккен Ұлттар халықтары Жарлықта өздерінің адамның негізігі құқықтарына, адамның жеке тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығына және әйелдер мен ерлердің тең құқығына деген сенімін растады және әлеуметтік ілгерлеуге және өмір жағдайын жақсартуға көмек көрсетуді шешті.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы мәселені халықаралық қауымдастықтың “адамзаттың барлық мүшелеріне тән қасиеттерді және адамның тең әрі ажырамас құкықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпы әлемнің арқауы екендігін мойындауымен” тікелей байланыстырады. БҰҰ-ның алдына қойған мақсаттарының тізбесіндегі “Нәсілдік, жыныстық, тіл және діндік ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардын құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қолдау мен дамытудағы” халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруы халықаралық әмбебап ұйымның адам құқықтарын жүзеге асыруға адалдығын бейнелейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан жинақталған ащы тәжірибеден кейін халықаралық қауымдастық адам құқықтарын халықаралық тиімді қорғау халықаралық бейбітшілік пен прогрестің маңызды шарттарының бірі деген түйінге келді.
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарынын проблемалары БҰҰ Жарғысының бірқатар баптарында көрініс тапқан. Оның Кіріспесінде халықтар “адамның негізгі құқықтарына, жеке адамның құндылығы мен ар-намысына, әйелдер мен ерлер теңдігіне, көп және аз ұлттар кұқықтарының теңдігіне деген сенімді орныктыруға” бел байлағаны бейнеленген. БҰҰ Жарғысының 8- бабында “Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің басты және қосалқы органдарында әйелдер мен ерлердің кез келген нысанда және жағдайларда қатысуы үшін ешқандай шектеулер коймайтынын бекіткен” дел көрсетілген. 56-бап БҰҰ-ның барлық мүшелерін ортақ мақсаттарға жету үшін Ұйыммен ынтымақтастықта біріккен және дербес әрекеттерді жүзеге асыруға, оның ішінде “барлық адамдардың нәсілдік, жыныстық, тілдік және діндік ерекшеліктеріне қарамастан, құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтауға” көмектесуге міндеттейді.
БҰҰ Жарғысының 13-бабына сәйкес, Бас Ассамблеяның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу кьізметі және нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан, барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруға көмектесу қызметі бар. 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылданғалы бері БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөнінде көптеген декларациялар мен конвенциялар қабылдады. Олар ішінара геноцид, нәсілдік кемсіту, апартеид, шетелдіктердің құқықтық жағдайы, апатридтер, әйелдер құқығы, балалық шақты қорғау және халықтың басқа да санаттарына қатысты болды.