ТҮРКІСТАН: ШАҺАРДА АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

 

Мемлекет басшысы Жолдауында мемле­кеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қыз­метке кез келген заңсыз араласуы, биз­­несмендердің жұмысына кедергі кел­­тіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қыл­мыс ретінде бағалануы керек еке­­ні және кәсіпкерлер шенеуніктер тара­пы­нан заңсыз қысым көрсе, бірден про­куратура органдарына жүгіну қажет­тігі айтылған болатын. Бұл тапсырма не­гі­зінде «Прокуратура туралы» Заң­ға өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізі­ліп, бизнесті қорғауда прокуратура рөлі күшейтілген. Енді кәсіпкерлік субъек­тілердің шағымдары бойынша про­ку­рорлар мемлекеттік органдарда тіке­лей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие бол­ды. Түркістан қаласы прокурорының айтуына қара­ғанда, заңнаманың жаңа талабына сүйене отырып тексерілген қалалық сани­тарлық-эпидемиологиялық бақы­лау басқармасында көптеген жүйелі заң бұзушылық анықталған.

Атап айт­қанда, 11 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауап­тылыққа тартылған, керісінше 134 тұлға әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылып, бюджетке 11 млн теңге айып­пұл түспей қалған, 8 кәсіпкерге сани­тарлық-эпидемиологиялық қоры­тынды беруден негізсіз бас тартылса, 2 кәсіпкерге қорытынды заңсыз бе­ріл­ген, 6 кәсіпкердің өтінішіне жауап кеш берілген. Прокуратураның ұсы­нуы негізінде 11 кәсіпкердің құқы қор­ғалып, басқарманың 3 қызметкері әкім­шілік жауаптылыққа тартылды, 5 қыз­­мет­кер мемлекеттік қызметке кір кел­­тіретін теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымдарынан босатылған. Ал бас­қар­ма басшысы тексеру барысында өз ер­кімен қызметінен кетті. Осылай­ша, про­ку­рорлық тексеру нәтижесімен бас­­қарма құрамы толығымен дерлік жа­ңар­­тылды. «Сондай-ақ Мемлекет бас­шы­сының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында кылмыстық істер бойынша прокурорлардың айыптау актіле­рін дайындау құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту тапсырылған-ды. 2022 жылдан бері прокурорлар барлық аса ауыр қыл­мыс­тар бойынша айыптау актісін өздері жа­сауға кірісті. Мысалы, Түркістан қа­ла­сының прокуратурасы биыл 4 аса ауыр қыл­мыстық іс бойынша айыптау акті­сін әзірлеп, сотқа жолдады. Келесі ке­зең­дер­де прокурорлар 2023 жылдан бас­тап бар­лық сыбайлас жемқорлық, ал 2024 жыл­дан бастап қалған қылмыстық істер бо­йын­ша да айыптау актісін өздері әзір­лей­ді. Бұл тәсіл прокурорлардың айғақ­тар­ға тәуелсіз баға беру механизмін, адам­­ды айыптап сотқа жолдағаны үшін жауап­­кершілігін күшейтті», – дейді қала прокуроры.

Заңды білу – заман талабы. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *