
Күн тәртібіндегі екенші мәселе де қоғамдағы өзекті жайлардың бірі. Бұл жөнінде мемлекет деңгейінде азаматтар санасына полицейлер жазалаушы орган емес, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік қалыптастыруға бағытталған бастама аясында «Сервистік полиция» яғни, халыққа жақын полиция қағидатын іске асыру бойынша пилоттық жоба қолға алынған болатын. Осыған орай, өткен жылдың соңында Түркістан облысы әкімдігі жанынан сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылған. Топтың міндеті қоғамдық қауіпсіздік проблемаларын егжей-тегжейлі зерделеу мен оларды жоюдың тиімді тетіктерін әзірлеу. Міне, осы мақсатта жауапты өкілдер тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілген. Бұл жөнінде баяндама жасаған жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов өз сөзінде аталмыш бағыттағы жұмыстарды жүйелеп талдау жасады. Оның ішінде соңғы жылдардағы барлық деңгейдегі құқықбұзушылықтар сараланып, оның орын алуы және қылмыстың жолын кесудегі қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі тұрғындардың қатысуымен сауалнама негізінде жасалған. Тіпті баяндамадан қалта ұрыларының Түркістан қаласындағы қай қоғамдық көліктерде көптеп жүретіні зерделенген. Мәселеге мән берсек, №10, №2, №30, №31, №1, №7, №8, №9-шы қоғамдық көліктерінде қалта ұрлығы деректері жиі тіркелген. Осылайша қылмыстық ахуалға қатысты қала аумағында егжей-тегжейлі карта жасалған десек болады. Сараптама негізінде қала аумағындағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға бағытталған ұсыныстар енгізілуде. Қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ Түркістан қалалық әкімдігіне шаһардағы қауіпсіздік проблемаларын жоюға бағытталған ұсыныстарын жолдаған. Енді мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін бірлескен жұмыстарға лайықты қолдау қажет.
Жиын қорытындысында, консультативті-кеңесші органның төрағасы және мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, баяндамашылардың жұмысына оң баға берілді. Сондай-ақ, консультативті-кеңесші орган төрағасы Мұхтар Мұхитдинұлы алдағы отырыстарды өткізу тәртібі және көшпелі мәжілістер ұйымдастыру мәселелеріне мән беру қажеттігін ұсынды. Бұл өз кезегінде полиция қызметінің сапасын арттыруға аталған органның қосқан үлесі болмақ.
Бұдан бөлек, тұтас облыс жөнінен қылмыстық ахуал тұрақты. Осы жылы 2000-нан астам құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр қылмыстың тіркелімі 44,7 пайызға азайып отыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 90 пайызды құрады. Жалпы, қылмыстың алдын алу, болдырмауда біздің жеке құрам тәулік бойы қызметте. Полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға жұмыс жасап жатыр. Соның нәтижесінде Түркістан облысы республика көлемінде қылмысы ең аз облыс қатарында деп айтуға толық негіз бар.
Қылмысты ашудан бұрын алдын алу тиімді екені баршаға белгілі. Жеке құрам қызметкерлері ұрлық қылмыстарының алдын алуда десек те кей жағдайларда қылмыстар азайып жатса, тіпті кейбірі өсіп кететін жағдайлар орын алып отырады. Мәселен, 2021 жылы пәтер ұрлығы бойынша 131 жәйт болса, ағымдағы жылы 198 болған. Ал, ашылуы 72,7 пайызға жоғарылаған. Тонау қылмысы өткен жылдың 4 айында 19 болса, 2022 жылдың осы кезеңінде 16 дерек тіркелген. Ашылуы 100 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша біршама жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың басынан бері Түркістан облысында жалпы 7784 шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылдаушы тараптардың хабарламалары негізінде есепке қойылған. Бұл өткен жылғы осы мерзімге қарағанда 3,5 пайызға жоғары болса, 2021 жылдың тиісті кезеңінде – 7515 тұлға есепке алынған. Есепке алынған шетелдіктердің басым көпшілігі немесе 6764-і Өзбекстаннан, 275-і Ресейден және 302-і Қырғызстаннан келген. Күнделікті және жүйелі түрде атқарылған жұмыс нәтижесінде 2022 жылдың 4 айында республиканың көші-қон заңдылығын бұзған жалпы – 3919 (2021 жылы – 2658) шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 771 (399) шетелдік азамат болып отыр.
Аталған құқықбұзушылардың 1495-ы (871) ескертілген, 1897-не (1443) әкімшілік айыппұлдар салынды, 138 (69) шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 124 (75) азаматы ел аумағынан аластатылды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 56 (2021 жылы-33) және шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 367 (238) Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
