КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН ШАҒЫН ТІГІН ЦЕХЫН АШҚАН

 

Кентаулық Нигора Тойымбетова 2024 жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тігін ісін бастаған. Тігінші мамандығы бойынша білім алған кәсіп иесі мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қажетті тігін машинасын, үтік және қажетті жабдықтарын сатып алған. Бүгінде кәсіпкер 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Қазір тапсырыс Кентау қаласымен қатар, Байылдыр, Оранғай, Қарнақ ауылдарынан түсіп жатыр. Сапалы тігін бұйымдарына деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Мемлекет берген гранттың арқасында армандаған кәсібімді бастадым. Еңбектеніп, ісімді алға жылжытудамын. Бұл – мен үшін үлкен мүмкіндік», – дейді кәсіпкер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *