Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңадан салынып жатқан “Өнер” орталығының құрылыс алаңына барды. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, қала басшысы “Бекзат” ықшам ауданы мен Абылайхан көшесінде салынып жатқан жаяу жүргіншілерге арналған қос көпірдің құрылыс барысымен танысты. “Түркістан” станциясының жанында орналасқан ұзындығы 46 метрлік көпірдің құрылысы 90 пайызға аяқталған.
Ал, Түрік ауылындағы ұзындығы 141,7 метрлік көпірдің құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Кездесуде Әзімбек Пазылбекұлы аталған нысандардың қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтіп, құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
