АҚШ президенті TikTok-ты ел аумағында бұғаттау туралы заңның күшіне ену мерзімін 16 желтоқсанға дейін ұзартты деп хабарлайды https:atamekenbusiness.
Құжатқа сәйкес, Әділет министрлігі көрсетілген уақытқа дейін әлеуметтік желіні бұғаттау немесе айыппұл салу бойынша ешқандай шара қолданбауы тиіс.
Трамп сейсенбі күні бірнеше ірі компания TikTok-ты сатып алғысы келетінін мәлімдеді. Сөзінше, бұған қатысты Қытай тарапынан келісім де алынған. АҚШ президенті мәміленің шарттары Си Цзиньпинмен 19 қыркүйекте телефон арқылы сөйлескен соң белгілі болатынын айтты.
Бұған дейін Конгресс TikTok-тың иесі қытайлық ByteDance компаниясына 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін АҚШ-тағы бизнесін сату немесе ел аумағында жұмысын тоқтату талабын қойған болатын. Ақ үй басшысы бұл мерзімді бірнеше рет шегерді.
