ҚР-дағы құқық қорғау қызметінің негізгі мазмұны:
- құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтарды қадағалау мен бостандықтарды қорғау;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- қылмыстармен және өзге де құқық бұзушылықтармен күрес;
- барлық адресаттардың құқықтық нұсқамаларды сақтауын бақылау.
Айта кету керек, қылмыстарды анықтау және тергеу құзыретіне кіретін оннан астам органдар бар: ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппараттары, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізетін мемлекеттік мекемелер және басқалар.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және іске асыруға тікелей қатысатын мемлекеттік органдардың барлығының мақсаты мен міндеті ортақ. Сонымен қатар олар үйлесімді жүйені құрайды. Бұл кез келген құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететін себептерді жою бойынша шаралар қабылдауға, профилактикалық жұмыс жүргізуге, халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиелік іс-шаралармен айналысуға бағытталған.
Осы мақсатта мемлекетте нақты міндеттерді шешуге мамандандырылған құқық қорғау органдары жүйелі түрде жұмыс істейді және бір-бірімен байланыс орнатқан. Оларға сотпен қатар прокуратура органдары, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы, Кеден комитеті, әділет органдары, нотариат, АХАЖ, Қорғаныс министрлігінің Шекара әскерлері мен әскери барлауы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, кеден және қаржы полициясы, адвокатура жатады.
Осы шаралардың барлығы бюрократияға, сыбайлас жемқорлыққа, мемлекеттік аппараттың жосықсыз жұмысына қарсы күресте мемлекеттің құқық қорғау әлеуетін күшейтеді. Бұл мәселедегі әділеттілік пен теңдік – қоғамның жарқын болашаққа деген үмітін оятып отыр.
Заңнамалық актілерді, Президент актілерін, сондай-ақ құпиялылық белгілері және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, Үкіметтің регламентін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау, оның ішінде: құжаттарды қағаз түрінде енгізудің, оларға бұрыштама қоюдың және әр парағына қол қоюдың күшін жоюды қамтамасыз ету; Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жататын қызметтің ағымдағы мәселелері бойынша құжаттарды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала пысықтамай, мәселені мәні бойынша шешуді талап ететін мемлекеттік органдардың ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне енгізуге тыйым салуды енгізу; тікелей рәсімдерді қоспағанда, орындалу мерзімі екі жұмыс күнінен кем болатын сұрау салулар мен тапсырмаларға тыйым салуды енгізу көзделді.
Адам құқығы мәселесі – біздің санамызға әлі терең сіңбеген құндылық. Өйткені, азаматтық қоғамға әлі толық үйрене алмай жатқан жағдайымыз бар. Ата Заңымыз бар, онда адам құқығы да, азаматтық құқық та толығымен қорғалатындығы атап көрсетілген. Сол құндылықтарымызды іс жүзінде пайдалануға келгенде белсенділігіміз төмен десек қателеспейміз.
