ХАБАЛАНДЫРУ!

🔔 Құрметті кәсіпкерлер!

🏆 «Атамекен» ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

🏆 «Алтын сапа» сыйлығы – ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Конкурсқа ҚР аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын ЖК және заңды тұлғалар қатыса алады.
➡️ Сыйлық төрт номинация бойынша үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) беріледі:
🏭 1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
🛒 2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
📤 3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
🥢 4) «Азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын және / немесе
ауыл шаруашылығы өнімін».
Сонымен қатар арнайы сыйлықтар қарастырылған: «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» , сондай-ақ жаңа арнайы сыйлық — «Цифрлық дамудың үздік жобасы».
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында қабылданады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы – жыл сайын жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қанықтыруға қызметін жандандыру мақсатында өткізіледі.
🌐 Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
🏭 1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
📤 2) «Халыққа арналған тұтынатын үздік тауарлар»;
🛒 3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.

Конкурс-көрмеге қатысу үшін өтінім беру www.altynsapa.kz сайтында немесе «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсын өткізу күніне 10 (он) күн қалғанда өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс нөмірі: +7 777 006 0909

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *