ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАРМЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штаб мүшелері Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, штаб басшысы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Алтынсары Үмбеталиев пен Нұралы Абишов, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы, сондай-ақ Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуде Алмас Алтайұлы партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы бес жылда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жүзеге асыру көзделген міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, бағдарламаның Заң мен тәртіп, тиімді басқару, қуатты өңірлер, әділ экономика, цифрландыру, әлеуметтік қолдау және адами әлеуетті дамыту сияқты басымдықтарды қамтитынын атап өтті.


—Біздің басты мақсатымыз – Ата заңымызда бекітілген Әділет, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттарын әрбір отбасының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру. Партиямыз үшін әділеттілік дегеніміз – тұрақты жұмыс, сапалы білім мен медицина, қауіпсіз көшелер және өңірдегі әрбір азаматқа берілетін тең мүмкіндік. Бүгінде Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам тұрады, оның 75,5 пайызы – ауыл тұрғындары.
Сондықтан біздің бағдарламамыз ауылды дамытуға, шаруаларды қолдауға және халықтың табысын арттыруға тікелей бағытталған, — деді Алмас Алтайұлы.


Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынсары Үмбеталиев өңірдің әлеуметтік мәселелеріне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және ауылдық елді мекендердің дамуына қатысты ойларын ортаға салды. Ал Нұралы Әбішов халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу, депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелерін түсіндірді.

«Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, білім мен спорт саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін қозғады.
Кездесуде Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының мүшесі Сейдулла Сеңгірбаев та сөз сөйлеп, партия бағдарламасының аудан үшін маңызына тоқталды.
Шарбұлақ ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбай Боранбаев ауылдың өзекті мәселелері мен аға буын өкілдерінің ұсыныстарын ортаға салды. Ал Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Әбілахан Жылқыбаев ел бірлігі, қоғамдық келісім және ауылдың әлеуметтік дамуы жөнінде пікір білдірді.


«Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Мұхит Батырбеков білім беру саласының дамуы, ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру және жас ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне назар аударды.


Кездесу барысында ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, жастарды жұмыспен қамту, білім мен әлеуметтік саланың сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында партия өкілдері кездесуге қатысқан тұрғындарға алғыс айтып, сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттер мен жоспарлар жөнінде түсінік берді.
Сондай-ақ, көпшілікті алдағы сайлауға белсенді қатысып, «Әділет» партиясы атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *