Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлы дала елі” орталығында дәстүрлі “Мейірімді жүрек” акциясы өз жалғасын тапты.
“Бала — ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек”-деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров пен шаһардың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев та өз кезегінде осындай қайырымды істің басы- қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Балаларға жасалған қамқорлық пен жақсылыққа дән риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тіледі. Шара соңы көңілді концертке ұласып, әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.
Ерекше балалар да қоғамда өздерін еркін сезінуі қажет. Сондықтан бүгінде өңірде айрықша күтімге мұқтаж балаларға қолайлы орта қалыптастырып, медициналық көмек беру үшін мамандандырылған сауықтыру орталығын салудың маңызы зор. Бұл мәселеге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндені кеңесте сөйлеген сөзінде айрықша маңыз берді. Жасыратыны жоқ, бүгінде өңірде ерекше балалардың саны артып, 6 мыңнан асады. Мұндай бүлдіршіндердің қоғамнан тыс қалмай, ортада тәрбиеленіп, білім алуына, денсаулықтарын жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Жалпы орта білім беретін мектептерде олар үшін арнайы сыныптар ашылған. Сонымен қатар үйден оқытылатын балалар да аз емес. Жалпы инклюзивті білім жүйесінің баланы қоғаммен жақындастыруда, өзін ортада қалыптастыруда маңызы зор. Мұндай жүйе барлық адамның бір-біріне тең қарау қажеттілігін қалыптастырады. Шет елдерде ерекше балалар қоғамнан мүлдем қалыс қалмаған. Мәселен, аутизм туралы ашық айтылады. Олар кімді болмасын, сол қалпы қабылдай алады. Италияда ерекше балалардың 99%-ы осындай білім беру жүйесіне қол жеткізген. Қалған бір пайызы мүлдем естімейтіндер мен сөйлей алмайтындар болса керек. Сондықтан біз де балалардың бәрі бірдей, бейкүнә екенін ұмытпауымыз қажет. Олардың ерекше болуы – тағдыры деп қабылдап, сәбилердің бақыты үшін қоғам болып қол созғанымыз жөн-ақ. Бүгінде облыста ерекше балалар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға мемлекет тарапынан, демеушілердің, жаны жомарт жандардың игі істерімен бірқатар жақсылықтың жасалып жатқанына куәміз.
Әрбір ата-ана шөңге баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген аутизмге шалдыққан балалар туралы айту әркімнің болсын жанына бататыны анық. Айту былай тұрсын, сондай ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж.
Ерекше балалардың ата-аналарына арналған мұндай мотивациялық шараны бірінші рет өткізіп отырмыз. Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жобамызға міне 7 жылдан артық уақыт болды. Сондықтан осы айтулы күні біз ата-аналар үшін ерекше бір дүние өткізуді ұйғардық. Себебі 2014 жылы бұл бағытты бастауға бізді ата-аналар ынталандырған еді. Расында, көп нәрсе, соның ішінде инклюзивті білім беру жүйесі де ата-анаға байланысты. Бүгін осында баласының әлеуметтенуіне барынша көп мүмкіндікті пайдалана алатындай, оның қоғамда өз орнын табуы үшін мүмкіндігінше жағдай жасауға қауқары бар, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын белсенді ата-аналар жиналды. Өз отбасы әлемімен, тек қана ерекше баласының қажеттілігімен шектеліп қалмай, алға тағы бір адым басып, білім алып, дамып, өзге ата-аналарға және олардың ерекше балаларына көмектесіп, әлеуметтік жобаларды іске қосып, қоғамдастық құрып, ерекше балаларға білім беру мәселелерінде сарапшы болған ата-аналар келіп отыр. Осы ата-аналар баласына жақында ғана диагноз қойылған ата-аналар үшін үлгі болсын дейміз, – деді Д.Гаплан.
«Болашақ» қорының «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қазақстанның мектептері мен балабақшаларына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталып отыр. 2015 жылдан бастап Қазақстанның 17 өңірінде инклюзияны қолдаудың 46 кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 600-ден аса бала мектепке баруға мүмкіндік алды. Жоба еліміздің 60-тан аса мектебін қамтып келеді. 3 500-ден аса маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті. 400-ден аса жұмыс орны құрылды.
Аутизм туралы ақпарат тарату аясында биылғы сәуір айында «Болашақ» қоры бірқатар іс-шараны жоспарлап отыр. Еліміздегі қала ғимараттарын, орталық көшелерін көк түспен (аутизм түсі) жарықтандыру бойынша «Көк түсті жақ» науқанына және елорданың сауда ойын-сауық орталықтарында аутизм туралы ақпараттық бейнероликті орналастыруға дайындық жүріп жатыр. Сонымен қатар Pickle, Global coffee кофеханалар желісімен, Lanzhou мейрамханалар желісімен бірлескен қайырымдылық акциялары тағы бар.