БИЗНЕС САЛАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ 4,7 МЛН АДАМҒА ДЕЙІН АРТАДЫ

 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасының Қ.Балабиев, сенімді өкілдер Ұ.Мұстафаева, Ғ.Сәрсенбаев, С.Хандиллаев, З.Төлегенова «Атамекен» бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді. Онда сенімді өкілдер сайлауалды бағдарламаға сәйкес адал бәсекелестікке жағдай жасау арқылы мемлекеттің экономикаға араласуын жоспарлы түрде азайтуға кепілдік беретінін атап өтті.

«2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ды құрайды. Ал, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 4,7 млн адамға дейін артады. Бизнестің сұранысын ескере отырып, Салық кодексі және мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралады. Барлық жерде цифрландыру үрдісі енгізіліп, бұл мемлекеттік органдар қабылтайтын шешімдердің ашықтығын арттырады. Экономиканың дамуына, құрылысқа қомақты қаражат құйылады. Бұл ШОБ жұмысына мол мүмкіндік береді», – деді облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Қайрат Рахымұлы.

Ал, Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері Т.Қырықбаев пен Т.Қаржауов Жетісай қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Әділетті Қазақстанды құру жолында атқарылатын саяси және экономикалық жұмыстарға тоқталды. Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру, сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында тың тәсілдердің қолға алынып жатқанын жеткізген штаб мүшелері сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Еркін форматта өткен жиында Жетісай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ә.Асауов пен М.Шылмырзаев көпшілікті алдағы сайлауда халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдауға шақырды.

Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшесі М.Дәулетов Созақ ауылының тұрғындарына саулауалды бағдарламаны таныстырды. Жиынға штаб төрағасының орынбасары, Созақ аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Е.Сағындық және Қоғамдық штаб мүшесі Б.Қордашбеков қатысты. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында М.Жұмаханұлы Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы басым бағыттар бойынша мәлімет берді.

«Азаматтардың құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының қызметіндегі басым бағытқа айналады. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы толассыз күресімізді жалғастырамыз. Бүгінгі таңда қоғамның басты талабы – әділдік пен заңның үстемдігін орнату, сыбайлас жемқорлық, парақорлықпен түбегейлі күрес» — деді ол.

Жиын соңында Созақ аудандық қоғамдық штаб мүшесі Б.Қордашбеков алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан екенін айтып, халықтық коалиция кандидаты Қ.К.Тоқаевты қолдап жиынға қатысушыларды дауыс беруге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *