Түркістан қаласында 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған

2022 жылы жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Олар «Баянды Құрылыс» ЖШС – 28 жұмыс орны;«EuroBlock Production» – 20 жұмыс орны;»Оспан» ЖК –6 жұмыс орны; Қазіргі таңға, «Баянды Құрылыс» ЖШС мен «Оспан» ЖК  құрылысын аяқтап  қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашқан. «EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына»  ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Олар:«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.«Гүлзада»ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.

Шағын және орта бизнес 

 2022 жылдың 9 айында  шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау,  бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022  жылдың 1 қазан айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны 200 млн теңгеге  қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба субсидияланып, 52 жоба кепілдендірілген. Сонымен қатар, бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда.
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер арқылы (Форте банк) арқылы 6 заңды тұлға 18 жеке кәсіпкер өз кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жеңілдетілген пайызбен 1млрд 400 млн теңге көлемінде несие алып 89 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілу жоспарланып отыр.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде  Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш біріңғай ақпараттық жүйесіне тамыз-қыркүйек айларында  33  (азық-түлік бағасының қымбаттағаны туралы) арыз-шағымдары тіркеліп қала әкімнің атынан «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шығып қаулы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  ERSOP  базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізілген болатын алайда сауда құқық қорғау органы тарапынан 33 арыз шағымның 30-на рұқсатын беріп ERSOP базасына тіркелген. Ал, тіркелген 30 арыз шағымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204,4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес сауда орындарының басшылығына ескерту түріндегі шара көрілді. Алдағы уақытта ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табады.

Инвестиция  

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 192054,6 млн. теңгені құрап,  2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,0 есеге кеміп отыр. Оған себеп шағын орта бизнес саласында салынып жатқан жекеменшік құрылыс нысандарының қаржы мәселесіне байланысты тежеуілдеуінде екендігі анықталуды.

Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 63122,8 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 59311,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 58217,3 млн. теңге,  банк кредиттері есебінен 8457,3 млн.теңге, басқада қарыз есебінен 2945,6 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 93,0 пайызын құрап,  аудан мен қалалар бойынша 17орында.

Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие Түркістан қаласының болашағын халықаралық туризмнің қарыштап дамуымен, облысты өнеркәсібінің қарқын алуымен елестетуге болады. Бұл үшін алғышарттар да жасалып отыр.

 Түркістан – ежелден сауда-саттықтың ортасы, ынтымақтың ордасы. Сондықтан Түркістанды облыс орталығына айналдыру – сөзсіз Елбасының ең бір ұтқыр шешімі. Бұдан былай қаланың Ұлы Жібек жолының бойындағы құндылығы арта түседі. Түркістан облысының туристік әлеуеті жоғары. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. Облыстағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі,  Бәйдібек би ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі талай саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Былтыр Түркістан облысында 1 миллион 300 мыңнан астам турист келген. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының мәліметінше, сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары екен. Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақ­станның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер көп. Демек, туризм оңтүстік өңір үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр. Ежелден рухани астана саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристі қабылдайтын күнге жетеді.  Туризм –  Қазақ­­стан экономикасындағы қар­қынды салалардың бірі. Қазақстанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы. Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ.

Түркістан қаласында өткен «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форум аясында көптеген маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Тарихи қаланың болашақ тағдырына оң әсер етуі тиіс халықаралық форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан секілді мемлекеттерден бас-аяғы 250-ден астам делегат қатысып, іс-шараның маңыздылығы мен ауқымын айқындап берген.

Бір жылда өңірге 482 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде елімізде үздіктер қатарынан табылған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 129 миллиард теңге тартылып, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есеге ұлғайған. Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, аяқ алысы қуантады. Түркістан қаласында құру жоспарланып отырған «TúRKIS­TAN» арнайы экономикалық аймақ та инвесторлардың назарын өзіне аудара білді. Инвестиция тарту мақсатында құрылғалы отырған аймақта кәсібін дөңгелетемін деген кәсіпкерлерге 25 жылға дейін салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылмақ. Осы секілді нәтижелі көрсеткіштер форумға қатысушы шетелдік қонақтарды, дәлірек айтсақ, инвесторларды қызықтырмай қоймады.

Ақылды қалаға айналады

Әрине, қолда бар дүниені ұқсатып, артықшылықтарды пайдаға асыра білу ақыл-ой парасаттылығымен қатар іскерлікті, табандылықты талап етеді. Өңірдің инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырыла келе алдағы уақытта 4,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Түркістан – талай жылдар бойы қазақ хандығының және түркі әлемінің саяси ордасы, рухани астанасы болған шаһар. Көне қаланы облыс орталығы етіп, оны дамытуға ерекше ықылас танытты. Бүгінде мемлекет тарапынан жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция құю жоспарланып отыр. Яғни, мұнда әуежай, әкімшілік-іскерлік орталығы және тұрғын үйлер бой көтеріп, Түркістан заманауи үлгідегі технология енгізілген ақылды қалаға айналатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде өңірдің экономикалық даму мүмкіндігіне қаныққан отандық және түрік компаниялары 100 миллион АҚШ долларынан асатын қаржы салып, 5 жұлдызды қонақүйлер, ойын-сауық сауда орындары мен фитнес орталықтар ашуды көздеп отыр.

Іскерлік қарым-қатынастың арқасында бірқатар келісім-шарттардың алғышарттары жасалды. Мәселен, аталған басқосуда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев Түркістанның туризм саласындағы мүмкіндігін жоғары бағаласа, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе Түркістан облысында 200 гектар жылыжай мен цемент зауытын ашуға дайын екенін мәлімдеген. Ал Малайзияның «Nagasteel Equip­ment Sdn.Bhd.» компаниясының пре­з­и­денті Зайнул Азизан инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға әзір екенін айтты. Сондай-ақ, «RIXOS HOTELS» қонақ үйлер желі­сінің президенті Фетах Таминджи, Еуразиялық туризм ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және өзге де спикерлер баяндама жасап, келешекте Түр­кіс­танды туризм көшбасшысына айналдыру бағытындағы ойларын ортаға сал­ды.

Тарихи Түркістанның туризм саласын дамыту, соған сәйкес инвестиция тарту мүмкіндігі мол екені рас. Ресми мәліметтерге сенсек, былтыр жылы облысқа 270 мыңнан астам саяхатшы келген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіш-пен салыстырғанда 40 пайызға артық. Жалпы алғанда, облыстың экономикалық және инвестициялық әлеуетіне қаныққан шетелдік қонақтар Түркістан өңірінде туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамытуға атсалысуға ниетті екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Иран, Малайзия, Қытай елдерінен келген инвесторлар аймақта заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар салып, инрақұрылым мен сандық технологияны дамытуға күш салатынын да атап өтті.

Кең ауқымда өткізілген форум нәтижесіз емес, алғашқы жетістіктері де бой көрсетіп қалды. Бұл турасында Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі былай деп хабарлайды: «Түркістан облысының әкімдігі Иранның «Ardabil Petrochemical Co» компаниясымен жалпы құны 205 миллион долларды құрайтын Онкологиялық орталық пен мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, қытайлық «Changchun Longyuan Power Equipment Co.LTD» компаниясымен Энергетикалық құрылғылар мен бұйымдар жасау жөнінде құны 648 миллион АҚШ доллары көлеміндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Ресейдің «Green Land Alatau» ЖШС-і 180 миллион АҚШ долларына жылыжай кешенінің құрылысын жүргізетін болды.

Форум барысында түзілген меморандумға сәйкес, қытайлық «Shanghai Lianfu New Energy Science & Technology Group» компаниясымен 340 миллион АҚШ долларына күн энергиясымен жүретін элек­троавтобустар шығаратын зауыт құрылысын салу бойынша келісім тү­зіл­ді. Сондай-ақ, Түркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 миллион АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 миллион АҚШ долларына кірпіш зауытының құрылысын жүргізетін болды.

Бұдан өзге, Малайзия елінен келген «Nagasteel Equipment Sdn. Bhd.» компаниясы арасында 100 миллион АҚШ долларына өңірде инфрақұрылымды және өнер­кәсіп саласында ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Алқалы жиынға келген түркиялық «Sallyr Bey Group» корпорациясы жал­­пы құны 15 миллион АҚШ долларына қой шаруашылығын өркендетуге бағыт­талған ферманың құрылысын жүр­гіз­бек.

Түркістан облысына инвестиция тартып, туризм саласын түлетуге бағытталған халықаралық жиында қытайлық «Jiangsu Huale Electric Co., ltd» компаниясы қуаттылығы 50 мВт-тық Күн электр станциясының құрылысына 50 миллион АҚШ долларын бағыттайтын болып келісілді. Ал Чехиядан келген «AGRAS ze­lato­vice a.s.» ұйымы 20 миллион АҚШ долларына ақ жүгеріні қайта өңдейтін зауыт салатын болды. Сондай-ақ Қазақ­стан және итальяндық «Kazakhstan Project Preparation fund» біріккен кәсіпорны сапалы керамзит өндіретін зауыт құрылысына 17 миллион АҚШ долларын бағыттап отыр. Отандық «VMS» ЖШС-і Түр­кістан облысында туризм саласында инвестициялық жобалармен әріптестік таныту мақсатында 1,5 миллион АҚШ долларын бағыттамақ.

Қытай елінен келген «Chery Commer­cial Vehicle.,LTD» концерні жалпы құны 20 миллион АҚШ доллларына автокөлік шығаратын зауыт құрылысын жүргізсе, қытайлық «Хуавей Технолоджиз Казах­стан» компаниясы Түркістанда «Ақылды қала» жобасы бойынша ынтымақтастық танытуда 10 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салмақшы. Ал польшалық «FCA» ұйымы 1 миллион АҚШ долларына талшықты-оптикалық сымдар және желілік құрылғылар өндіретін зауыт құрылысын жүргізбек. Сонымен бірге, ресейлік Еуразиялық банк Түркістан облысында инвестициялық жобаларға ынтымақтастық танытатын болса, Біріккен Араб Әмірлігінен келген «Al-Masood» компаниясы өңірде туризм саласын дамытуда әріптестік жасамақ. Аталған инвесторлар алдағы уақытта Түркістан қаласы мен облыс аумағында өз жұмыстарын бастайды. Нәтижесінде аймақта ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, туризм мен жеңіл өнеркәсіп өркендеп, өңірде жаңа өндіріс орындары ашылады.

Осылайша, өңірдің мүмкіндіктерін жан-жақты баяндау арқылы қонақтардың сенімін оятқан облыс басшылығының іскерлік қарым-қатынас орнатудың арқасында шетелдік инвесторлармен құны 1,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқан­да, Түркістан облысы әкім­дігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған