«Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2022-2023 жылғы жылу беру маусымын Түркістан қала әкімдігінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 1752 санды қаулысымен 2022 жылдың 27 қазаннан бастап температуралық кестемен және нормативпен бекітілген жұмыс режимімен кәсіпорын тарапынан толық жұмысын бастады. Жылу беру маусымында кәсіпорында 146 штат бірлігі жұмыс жасайды.
Кәсіпорыны тарапынан қаламыздағы Орталық қазандық 1 (5 қазан) дана, Отырар мөлтекауданында 2 (7 қазан) дана, Мәдени рухани орталығында 1 (5 қазан) дана және Әкімшілік іскерлік орталығында 6 (34 қазан) дана, жалпы 10 (51 қазан) дана модуельды қазандық блогі бар.
Түркістан қаласы бойынша қаламыздағы І-ші мөлтекауданда 58 дана, ІІ-ші мөлтекауданда 15 дана, ТГЖД аумағында 2 дана, Отырар мөлтекауданында 38 дана, Әкімшілік іскер орталығында 42 дана жалпы 155 дана көпқабатты тұрғын үйлер (7798 пәтер) орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Одан бөлек І-ші мөлтекауданда 28 бюджеттік пен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлерде және Мәдени рухани орталығында 11 нысан орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығына бекітілген.
Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған.
«Әкімшілік іскерлік орталығындағы» 12 дана моделді қазандық блогі орналасқан, оның 6 данасын қабылдап алынып, бүгінгі таңға барлығы моделді қазандық блогі жұмыс атқаруда 55 дана көпқабатты тұрғын үйлер, одан 4 дана моделді қазандық блогінен 39 көпқабатты тұрғын үйге ыстық сумен қамтамасыз етуде.
Қалған моделді қазандық блоктары және одан жылу энергиясымен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлер құрылыстары біткен кезде іске қосылады. Бұл жерде 6 дана моделді қазандық блогі және 29 көпқабатты тұрғын үй жылу энергиясын алатын болады.
Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесінде ақау немесе ауа шығару жұмыстарын жасау үшін жылу энергиясын өндіруші мекемеге хабарласып, түсінбеушілік жұмыстары болып жатыр.
Бұл бойынша «Энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 Қаулысында (2004 жылғы 10 қарашада берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 3 тармағының 14 тармақшасында тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
1) жылу -басқару торабының алғашқы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
2)ыстық сумен жабдықтау -ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң алғашқы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
3) суық сумен жабдықтау -басқару торабының алғашқы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
4) канализациялау -тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы ғимараттан желiге қосылатын құдықшасы;
5) электр энергиясы — ғимаратқа кiретiн сым ұшында» -деп айқындап жазылған.
Сондықтан көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері сервистік қызмет көрсету мекемесі немесе пәтер иелері кооперативін құрып, ортақ меншіктегі инженерлік коммуникациялық жүйе, жертөле, подъезд алаңшасы, шатыр және тағы басқа ортақ мүлікті күтіп-ұстау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс атқарылу керек.
Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлерді толық ішкі инженерлік коммуникациясы жүріп кеткенше 2 дана мобильды жұмыс штабы құрылған, ол 9 көше 28/2 және 36/2 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде орналасқан. Мобилды топта барлық мекеме (электр энергия, ауыз су мен канализация, газ жүйесі, жылу энергиясын жеткізуші, құрылыс жұмысын жүргізуші мердігер, құрылыс бөлімі, сектор мамандары).
«Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2022 -2023 жылғы жылу беру маусымында тұрақты, үздіксіз және сапалы жылу энергиясымен бөлісу шекарасына дейін толық жұмыс атқарады.