ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР БАҚ СЫНАСТЫ

Ұстаздық шеберлігін шыңдап, қазіргі заман талаптарына сай жаңа бағдарламалар мен сабақтарға қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында жас мамандар өз жұмысын жетілдіріп келеді. Осыған орай, Түркістан қаласындағы білім ошағы «Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп» КММ-де 5 желтоқсан күні «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбында жас мамандар онкүндігінің ашылуы болып өтті . Аталған шараға білім ордасында жыл басынан бекітілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар қатысып жатыр . Ұстаздық жолын жаңа бастаған жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, заман талабына сай жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында жоспарланған апталықтың бағдарламасы да өзгеше жасалып, ерекше сән салтанатпен өткізілуде.
Бір апта ішінде жас ұстаздар қаншама іс-шараларға қатысып, әртүрлі сайыстарда бақ сынасты. Апталықтың 1-күні «Ізденген жетер мұратқа…» тақырыбында жастар арасындағы игі істерді таныстыру мазмұнында апталықтың ашылу салтанаты ерекше қойылымен басталды.
Мектеп фойесі де ерекше талғаммен безендіріліп, 2,3-күндері ашық сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар мектеп ұжымының назарына ұсынылды.
Апталықтың келесі күні тарих пәнінің мұғалімі жас маман Омарова Айгерімнің ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Тұғыры биік тәуелсіздік » тақырыбында дебат болып өтті
Арықарай апталығымызды жас мамандар өз өнерлерін көрсету мақсатында «Маска» шоу ұйымдастырып, тамаша ән мен әзілдің бетін ашқан жастар қауымы көрермендерді күлкіге қарық қылды.
Ұстаздық пен өнерді қатар алып жүрген мәртебелі мамандық иелері көпшілікті т таңқалдыруда. Жұлдыздар тек әншілер мен бишілер ғана емес, ұстаздар қауымы арасында да көп екендігіне көзіміз жетті.
«Ізденген жетер мұратқа!» деген қанатты қағида жастарымыздың жадында болсын! Себебі, еліміздің болашағы жастардың қолында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған