ЖАҢА ҒИМАРАТТАР САЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

 

Бұдан былай мемлекеттік органдарға қазына қаржысына жаңа ғимараттар салуға тыйым салынды. Үкімет, осылай республикалық және жергілікті бюджеттің шығындарын қысқартуды көздеп отыр.
Мораторий 2029 жылға дейін енгізілді. Сондай-ақ, алдағы 4 жылда мәдени ұйымдарға арналған жаңа нысандар бой көтермейді.
Сонымен бірге, ұлттық компаниялар, даму бағдарламалары мен мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаражатты, өз бетінше пайдалана алмайды. Ал әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға, бюджеттен тыс қорлар құруға да шектеу бар.
Үнемделген қаражат, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басым жобаларға қайта бағытталады. Мемлекеттік органдар, 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жоспарын дайындағанда, осы шектеулерді ескеруі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *