ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫН ТАҢДАУҒА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨЗ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

Түркістандағы NIS-те жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Мектептің 8-10 сынып оқушылары олимпиадада физика, математика, информатика, биология, химия және география пәндері бойынша білімдерін сынады.

Түркістандық зияткерлер үшін аталған пәндік олимпиадаға қатысу үлкен дайындықты қажет еткен. Оқушылардың пікірінше білім жарысы олардың болашақтағы мамандықтарын таңдауға өзіндік септігін тигізеді дейді. 9 сынып оқушысы Даниал Ізбасхан болашақта тіс дәрігері болғысы келетінін және олимпиадада химия пәнін таңдап, өз білімін шыңдады.

  • Бұл менің пәндік олимпиадаға алғаш рет қатысуым, және бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Болашақта таңдаған мамандығым тіс дәрігері болған соң химия пәні бойынша қазірден бастап білімімді жетілдіруге олимпиадаға қатысып, өз дағдыларымды шыңдау жақсы мүмкіндіктердің бірі, дейді Даниял Ізбасхан.

Ал 9 сынып оқушысы Шахрух Ташметов болса, болашақта экономика саласының үздігі болғысы келетінін, және математика пәнінен олимпиадаға қатысудағы басты мақсаты таңдаған мамандығыма дұрыс бағыт-бағдар алу дейді.

  • Математика пәнінен олимпиадаға қатысу үлкен дайындықты талап етеді. Онымен қоса, математика менің болашақ профессияма тікелей байланысты маңызды пәндердің бірі. Экономика саласының үздігі болу үшін есеп жағынан алғыр болуың керек. Сол себепті математика пәнінен олимпиадаға қатысуды жөн көрдім, – деп бөлісті өз ойымен 9 сынып оқушысы Шахрух Ташметов.

Айта кетейік, Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 33 оқушысы пәндік олимпиадағы қатысып, өз бақтарын сынауда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған