ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын «, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Түркістан қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келгенін атап өтті.

«Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», – деді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған