КОНФЕРЕНЦИЯ МӘНІ – БІРЛІК ТҮБІ БЕРЕКЕ

«Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XVI конференциясы өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтсақ, «Amanat» партиясының саяси тұғырнамасы талқыланып, партияның Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XVI конференциясына делегаттар сайлау, Түркістан қалалық филиалы саяси кеңес құрамына ішінара өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Басқосуға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, сондай-ақ қалалық партия Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері, дербес бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен БАҚ өкілдері, «Жастар рухы» мүшелері қатысты. Конференцияны қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев ашып, жүргізіп отырды.
Жиын барысында партияның атқарушы хатшысы Ғаппар Амантайұлы баяндама жасап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.
«Amanat» партиясы еліміздегі барлық бастаудың басында болуы керек. Өйткені ол бүгінгі күннің талабы. Біздер барлық жаңару мен жаңғырудың бастамасымыз, билік пен қоғам ел-жұрт арасындағы байланысты нығайтушымыз. Мұны әрбір партия мүшесі сезінгені абзал. Сол жолда өзін тәрбиелегені дұрыс. Президентіміз өз Жолдауы арқылы дағдарыстан алып шығатын айқын басымдықтарды нақты көрсетіп берді. Ендігі жерде осы басымдықтарды қалтқысыз жүзеге асыру халық пен биліктің қолында. Бірлікпен тізе қосып, ел болашағын ойлайтын кез келді»,- деді Ғаппар Сәрсенбаев. Сонан соң жарыссөзге арнайы уақыт берілді. Сөйлеу алаңына шыққан Ғ.Мұратбаев мектебінің мұғалімі Гүлмира Досжанова Президент Жолдауының маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты ұстансақ ел келешегінің кемел болатындығын айтып өтті.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе бойынша «Amanat» партиясының мүшесі Бақытжан Бисембаев Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XVI конференциясына сайланған делегаттардың тізімі оқыды. Сонымен қатар, үшінші мәселе бойынша қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Көтерген мәселелер дауысқа салынып сайланды.
Жиын соңын қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қорытындылап, бірлесе жұмыс жасауға шақырып, сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған