ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

Ордабасы ауданында Наурызнаманың бесінші күні – Ұлттық киім күніне орай тарихи, мәдени және киелі орындарға экскурсия жасалды. Осы орайда аудан тұрғындары ұлттық нақышта киім киіп, Ордабасы тауына барды. Экскурсия өңірдің рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында өтті.
Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған