Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 Ұлттық жоба тізбесі бекітілген болатын. Солардың бірі — Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба. 2011-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруға қол жеткізу межеленіп отыр.
Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаулардың берілу шарттарын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, «Қазсушар» РМК ТФ өндірістік техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Талғат Балабеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Азат Мүйтембаев, «Ырыс» МҰҚ ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекпенбетов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Әлімханұлы сынды сала мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 392 100 гектар. Жалпы биылғы жер жырту жоспары – 28,6 мың гектар болып бекітіліп, бүгінгі таңда жер айдау жұмыстары 95%-ға орындалған. 2024 жылдың өнімі үшін 3 661 гектар күздік бидай егілген. Жиын соңында шаруалар тарапынан жұмыс топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Жақында Қазақстан агроөнеркәсіп кешені қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022-2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды. АӨК-ті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде тараптар әріптестік ниетін нығайту үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «АӨК саласының 100 түйткілді мәселесі және шешу жолдары» тұжырымдамасының негізінде бизнестің тұрақты тиімділігі мен ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету қағидаты жатыр. Тұжырымдама «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қағидаты бойынша әзірленуде. Бағдарлама қарапайым әрі түсінікті болып, сондай-ақ «төменнен жоғары», яғни өңірлерде ауыл шаруашылғы өндірушілерінің нақты сұранысына құрылымдалуы керек деп санаймыз», деді аталған альянстың өкілі.
Салалық қауымдастықтардың өкілдері бағдарлама негізіне алынған ТОП-10 өзекті мәселені атады. Біріншіден, миллардтаған бюджетке қарамастан мемлекеттік қолдау шараларының ағымдағы жүйесі АӨК-тегі бизнестің тиімділігіне кепілдік бермейді. Тұжырымдама ұсынысы – қаржы құралдарын кәсіпорындардың ұзақ мерзімді несие төлеу қабілетін сақтауға бағыттау. Бұл шара несиелеу ұйымдары мен инвесторларға сенімділікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, баға белгілеуді реттеудің нарықтық құралдары әкімшілік тыйымдар мен шектеулерді алмастыруы керек. Халықтың әлеуметтік осал топтарына декларативті көмек көрсетуден кетіп, оларға нақты қамқорлық көрсетуге – азық-түліктің атаулы көмегіне көшу қажет. Мұндай реформа – азаматтардың барлық санаттарына, соның ішінде аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған бағаларды бақылауды тоқтату, нан пісіру және дәнді дақылдарды өңдеудің өзінде жыл сайын қосымша 60-80 млрд теңге алуға, сондай-ақ 2020 жылы бидай экспортына тыйым салу (11 млрд теңге шығын), 2019 жылы тері экспортына тыйым салу (10 млрд теңге шығын), мал экспортына тыйым салу (жыл сайын 30 млрд теңге жоғалту) сынды әкімшілік кедергілерден шығындарды болдыртпауға мүмкіндік береді», деді «Қазақстан астық өндірушілері одағы» қауымдастығының президенті Евгений Ган.
Үшіншіден, «Қазақстан ет одағы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Мақсұт Бектібаевтың түсіндіруінше, саланы ынталандыруға арналған фискалды құралдар – АӨК-тегі салық режімі өндіріс түріне емес, меншік формасына, жер телімдері мөлшеріне байланысты. Бұл жайт кедергі келтіретін, саланы кенжелететін фактор болып отыр. Әр гектардан есептелетін және өнімнің түсіміне ғана байланысты бірыңғай аграрлық салық жерді тиімді пайдалану және баршаға бірыңғай режімді қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни салық жергілікті бюджетке түсетін болады, ауыл тұрғындарының қалаға кетуінің негізгі себебі болып отырған ауылдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде теңгерімсіздікті жоюды мақсат етеді.
Төртіншіден, техникаға салынатын баж салықтары, салықтар және алымдарды 5-10 жылға алып тастау арқылы ескірген машина-трактор паркін 40%-ға жаңарту қарқынын арттыруға жол ашылмақ. Ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утилизациялық алым арқылы мемлекеттік қолдауды бір саладан екінші салаға бөлу мүмкіндігін алып тастау да маңызды. АӨК-ті субсидиялаудың жалпы жылдық көлемі 287 млрд теңгені құрайды. Ал утилизациялық алым бойынша фермерлерден түсетін төлемдердің жалпы көлемі 56 млрд теңге немесе ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Бірінші кезекте утилизациялық алымды алып тастау керек немесе техника құнынан 10-30% мөлшерлеме орнына тиімді 0,5% мөлшерлемені белгілеу қажет.
Бесіншіден, Қазақстан астық одағының төрағасы Нұрлан Оспановтың айтуынша, ауылдық аймақтардың дамуын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің базалық ауылынан қатты жол жабынымен 25 шақырымнан артық емес қашықтықта жатқан тірек ауылдың толыққанды инфрақұрылымға қолжетімділігін арттыру қағидасы бойынша іске асыру қажет. Мұндай ұстаным АҚШ, Канада және Аустралияда фермерлікті дамыту мен аумақты игеруді қамтамасыз еткен болатын.
Қолданыстағы мемлекеттік қолдау және фискалды саясат агробизнесті ауылдық аумақтарды дамытуға қатысуын ынталандырмайды. Ауыл тіршілігіне демеу көрсеткен және қолдау көрсетуді жалғастырып жатқан орта және ірі бизнес ауылдық жерлерді дамыту үшін жергілікті билік органдарымен бірлескен жобаларды қаржыландыруға қатыса алады. Бұл үшін ынталандыру шараларын әзірлеу қажет. Несиелердің жалпы көлемінен небәрі 1,8%-ы (2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай) ауыл шаруашылығына тиесілі (2019 жылдың 1 қаңтарында – 3,7%). Капиталды салымдардың басым бөлігі – шамамен 73%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Ұсынылған шешім – өңірлік даму институты ретінде несиелік серіктестер жүйесін дамыту, осының не гізінде фермерлік несиенің кооперативті жүйесін құруға болады.
Сондай-ақ жаңа шаруалардың нарыққа кіруін оңтайландыру да аса өзекті. Қазіргі таңда жаңа ферманы ашу процедурасына 2-3 жыл жұмсалады. ӘКК-ті тарту арқылы өңірлерде үлгілік фермаларды ашу (жер, инфрақұрылым, телімдерді сегменттейді, үлгілік жоба) және аукцион арқылы дайын бизнесті сату нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін жеделдетеді.
Ал қаржыға қолжетімділікті тәуелдіктіліктің түсінікті болуы және сақтандырудың экономикалық қолжетімділігі есебінен арттыруға болады.
«Кем дегенде 250 млрд теңге болатын мемлекеттік қолдау құрғақшылық, аурудың қаупімен өтелуі мүмкін. Сондықтан алушыларға сақтандыру төлемінсіз субсидиялауды беруге тыйым салу маңызды. Базалық тәуекелдерді сақтандыруға орташа жылдық қажеттілік 40 млрд теңгені құрайды», деді бұл тарапта Агросақтандыру қауымдастығының төрағасы Серік Ыбыраев.
Ең соңындағы ұсыныста жер телімдерін тиімсіз пайдаланатын жер иелерінің тізілімін ашу маңызды екені айтылды. Өйткені нарық деректерді білуі керек, себебі бұл кредиторлар мен сақтандырушылар үшін негізгі тәуекелдер.
Жиын соңында Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев ауылшаруашылық өнімдері мен оның қайта өңдеу өнімдерінің кепілдендірілген экспортын қамтамасыз ету мақсатында АӨК саласы тартымды болатын елдердегі Қазақстанның елшіліктерінде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Бұл миссияның басшысын еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша тағайындайды.
Мақаламызда Сауран ауданының тұрғындарының назарына агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігі жайлы тоқталып өтуді жөн санадық.
Қазақстанда ауылшаруашылық саласында импорттық техниканың кредиті мен лизингі бойынша жылдық 15% деңгейіне дейінгі пайыздық мөлшерлеме субсидиялануы мүмкін. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешен субьектлеріне несие және субсидия беру қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында жазылған.
Импорттық және отандық ауыл шаруашылығы техникасына лизинг мөлшерлемесі өзгереді
Өзгерістерге сәйкес импорттық және отандық ауыл шаруашылығы техникасы бойынша несиелер мен лизинг бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлеменің мөлшері сараланады. Яғни агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің лизингі немесе кредиті бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15% мөлшерінде дейін субсидияланады.
Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілмек.
Былтыр агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 1 триллион теңге бөлінді
«Жалпы «бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды», – деп тапсырған еді Мемлекет басшысы.
Осылайша қатаң қадағалауға алынған АӨК саласында реформа басталды. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Президент жолдауындағы тапсырмаларды орындау үшін 2023 жылға нақты шаралар әзірленгенін мәлімдеді. Яғни биылдан бастап, ауыл шарушылығын субсидиялау тәртібі де өзгереді.
Субсидия беру тәртібі қандай?
Билік бірінші кезекте құжаттар мен қағазбастылық, шашыраңқылық мәселесін жеңілдетуге тырысқан. Бұл орайда фермерлерге 1 ақпаннан бастап іске қосылатын «Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» (СБМАЖ) көмекке келеді. Автоматтандырылған бұл жүйе фермерлердің субсидияға өтінімін рәсімдеу үшін балама ретінде әзірленіп отыр. Өтінімдер gosagro.kz веб-порталында қабылданады. Аталмыш жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз қызмет көрсетеді.
СБМАЖ өтінім беруде фермерлер жұмысын айтарлықтай жеңілдете түспек. Себебі субсидия алу үшін растау құжаттары мен қосымша анықтамалар өткізу жұмыстары ретке келтіріліп, бұл құжаттар басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» бір орталыққа біріктірілген.
Атадан балаға қалдырылып отырған жер-анаға деген махаббат «цифрлық рухты» сіңірген, сондықтан да «ақылды технологияларға» қазіргі шаруашылықтың шамасы жете ме? Толық сеніммен – «иә» деп айта аламын! Астанада өткен ЭКСПО көрмесі бізге болашақ – бұл шынайылық екенін көрсетті. ЭКСПО аясында Ұлттық инженерлік академияның ұйымдастыруымен өткен, өзім қатысқан инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресін ерекше атап өткім келеді. Конгреске Нобель сыйлығының лауреаттары, «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының 18 лауреаты, энергетика, қоршаған ортаны қорғау министрлері, энергетика саласындағы 2000-нан астам ғалым, сарапшы қатысты. Мен, аграрлық ғылыммен айналысатын маман ретінде, осы саланың ғалымдарының ой-пікірлеріне қызығушылық таныттым. Әлемде қандай үрдістер бар? Біз қайда бет алып келеміз? 1000-нан астам баяндама тыңдалды. Аграрлық ғылым саласында Бразилия штатының министрі Жоао Карлос де Соуза Мейреллестің, Нобель сыйлығының лауреаты Риккардо Валентинидің, Таврия мемлекеттік агротехнологиялық университетінің, Киев политехникалық институтының бірқатар ғалымдардың және басқаларының баяндамалары тыңдалды. Нобель сыйлығының лауреаты бүгінгі таңда бүкіл әлемде тек аграрлық өнімдер секторы тұщы суды пайдаланудың жалпы көлемінің шамамен 80%-ын, энергияға жалпы сұраныстың 30%-ын және парниктік газдардың техногендік шығарындыларының 24%-ын құрайтынын атап өтті. Болашақта жаһандық азық-түлік өндіру 70%-ға артады, сектор ресурстардың теңдессіз қысымына және климаттық жүйелердің күшті ауытқуына тап болады деп күтілуде. Жаһандық аграрлық азық-түлік жүйелері, олардың болашақ ұрпаққа қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы ойланатын кез келді.
Мемлекет басшысының идеясы – экономиканы цифрландыруға көшу және пәнаралық инновациялық орталықтар құру біздің болашақтың негізгі компоненті болып табылады. Қазақстанда аграрлық саладағы ғылым және бизнес үшін жаңа стратегиялық модель іске қосылады. Ал ғылым мен бизнесті жақындастыру үшін жаңа технологияларды коммерцияландыру кеңселері қажет. Инженерлік академияда осындай коммерцияландыру кеңсесі Инженерлік-технологиялық университеттің базасында әлдеқашан құрылған. Дәл осы кеңсе нарықтық және тұтынушылық сұранысқа бағытталған кабинеттік зерттеулерден қолданбалы зерттеулерге көшу үшін берік көпір құратын болады.
Біз цифрландырудың басқаруға көмектескенін, экономика және энергетика экологиялыққа айналғанын, ал жел мен күн шаруаның үйреншікті серіктеріне оның көмекшілеріне айналғанын көріп отырмыз. Шаруаның жаңартуға дайындығы туралы сұраққа өткен жылдың қорытындысы жауап бере алады. Ауылшаруашылық саласы бірте-бірте жаңа технологияларды игеруде. Өте маңызды жайт, менеджмент, кадр саясаты, сондай-ақ технологиялық жарақтандыру, егіншілік жағынан сапалы өзгеруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикамызда ауылшаруашылық жалпы өнімі шамамен 3%-ға өсіп, көлемі бойынша 4 трлн теңгеден асқанын естеріңізге сала кетейін. Өсу өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында байқалды.
Біздің компанияның практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оның одан әрі өсу әлеуетін көріп отырмын, өйткені қазірдің өзінде бизнестің кезекті технологиялық баспалдағына өрлеуі нәтижелілікті арттыратынын білемін. 2014 жылы Мемлекет басшысы біздің көп салалы агрохолдингке келгенде оның жетістіктерін де атап өтіп, «Байсерке-Агро» ЖШС-сын Қазақстанда ауылшаруашылық секторларын дамытуға бағыт-бағдар береді деп атағанын еске түсіре отырып, мынадай параллельдерді жүргізіп көрейін. Біз осындай жоғары бағаны мақтан етеміз. Бірақ одан да маңыздысы, ол Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған инновациялық технологияларды қолдану, басқаруды жетілдіру бағытындағы біздің интуитивті қозғалысымыз болып табылады.
Президент өз назарын агробизнестің ғылыми құрамына аударған. Бірнеше жыл бұрын, ата-бабамыздан келе жатқан әдістермен үйреншікті қалыптан шыға алмайтынымызды түсінген серіктестік агроөнеркәсіптік секторды қолдау үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ветеринария ҒЗИ-мен бірге құрылған Қазагроинновация мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Биылғы жылы Ұлттық инженерлік академиямен келісімге келді. Біздің ғылыми әріптестеріміздің арқасында өсімдіктерді қорғау, мал шаруашылығының өнімділігін сақтау және арттыру мәселелері жөнінде жаңа инновациялық әдістер мен технологияларға, заманауи зерттеулерге қол жеткіздік.
Ғалымдардың ұсыныстарына сүйеніп, бүкіл техника және құрылымдар паркін жаңғырттық, еңбекақы төлеу жүйесін, мотивация және мамандарды оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты жақсарттық. Яғни өндірістік циклдың бірде-бір бөлшегін назарымыздан тыс қалдырмай кешенді қарастырдық. Бұл бізге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу, қайта өңдеуді қазіргі талапқа сай жаңарту, ауылшаруашылық өндірісінің және оның нәтижелілігін арттыру процестерін жақсартуға айтарлықтай септігін тигізді.