«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: САУРАНДЫҚТАР ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Ұлттық жоба төрт негізгі бағытты қамтиды: Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су айдындарының экожүйесін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстанның» екінші бағыты табиғи ресурстарды тұрақты тұтыну мақсатын қояды. Бұл ең алдымен су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. Табиғат бағытының мақсаты – биологиялық әртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері. Төртінші бағыт – «Болашақ экологиясы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Әрбір бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейінің құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен өзара байланыс анықталады. Осылайша, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты жүзеге асыруды көздейді. Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру бағаты жоспарланды.

Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді.

Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды. Халықаралық экотуризм қоғамы экотуризмді қоршаған ортаны сақтайтын, жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын және экскурсиялық-ағартушылық қызмет пен білім беруді көздейтін табиғи аудандарға жауапты саяхат ретінде анықтайды.

Саурандықтар «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығында Сауран ауданында Үкаша ата кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан экологиялық акцияда кесене аумағына аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев пен ерікті жастар бірлесе отырып, ағаш көшеттерін екті.

«Киелі мекен» апталығында табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – Үкаша ата кесенесі аумағында көгалдандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 53 тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» — деді аудан әкімінің орынбасары.

Экотуризмнің басты ерекшелігі табиғи аумақтарға барған кезде биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау болып табылады. Экотуризм сонымен қатар табиғатты қорғау жергілікті қауымдастықтар үшін пайдалы болатын экономикалық жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Үкаша ата кесенесінің жалпы аумағы — 90 гектар жерді қамтиды. Дәл осы аумаққа бүгін 400-ге жуық жеміс ағаштары мен қарағаштар отырғызылды. Экоакцияға 100-ге тарта ерікті жастар мен ауылдық округ тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар, экоакцияға киелі мекенге Ресей Федерациясынның Алтай Республикасынан келген туристер де атсалысты. Олар киелі орынға жыл сайын дәстүрлі түрде келетіндерін айтып, ағаш көшеттерін отырғызуға ниеттерін білдірді.Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр. «Киелі мекен» апталығында Сауран ауданына қарасты Серт ауылындағы «Үкаша ата» кесенесінің аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. тазалық және көгалдандыру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және жүзге жуық ерікті жас пен тұрғын қатысты. Іс-шара барысында 400 жуық жеміс ағашы мен қара ағаш отырғызылды.

«Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» эко акциясының «Киелі мекен» апталығында қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – «Үкаша ата» кесенесі аумағын көгалдандырудамыз. Туризм саласын дамытып, келушілердің ынтасын арттыру тек аңыз-әңгімелерді насихаттаумен шектелмей, тарихи орындардың көркі мен келбетін жақсарту, халыққа жайлы жағдай жасау мақсатында ағаш егу жұмыстарын атқарудамыз. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 53 тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» – деген аудан әкімінің орынбасары белсенділерге алғысын білдірді.

Мақаламыздың соңында Сауран ауданының тұрғындарының назарына Үкаша ата кесенесі жайлы қызықты мағлұматтарды ұсынып отырмыз.

Әулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды. Ал Кеңес үкіметі тұсында рухани тарихымызға қатысты әулиелердің есімдерін, олардың еңбегін, тарихтағы алар орынын мақсатты түрде жоюға тырысты. Тәуелсіздіктің таңы атумен жоғымыз табылып, өшкен есімдеріміз қайта тіріліп жатыр.

Қаратау бөктерінде Ислам дінін таратушы Үкаша сахабаның кесенесі мен құдығы орналасқан. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. Қазіргі уақытта Үкаша ата қабірі басына тұрғызылған кесене тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қарауына алынған. Қорғалу ерекшелігі жағынан жергілікті ескерткіш болып табылады. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясында Үкаша ата мазары – сәулет өнер ескерткіші. Қаратудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан 42 км жерде. Шамамен 6-7 ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға замандас болған ислам дінінің өкілі – Үкаша атаға арнап тұрғызылған… Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар делінген.

Үкаша ата ел арасында аңыз тұлға ретінде танымал. Ол жөнінде арнайы жазылған тарихи зерттеу еңбегі жоқ. Жазылған кітаптардың көпшілігі кәсіби мамандардың қатысуынсыз шыққан. Бұл мәселе біздің даламызға ислам дінін таратушы тұлғалар Үкаша сахаба, Арыстан бап, Ысқақ бап, Қорасан бап, Әбдіжалил бап, Қожа Ахмет Ясауи т.б. тұлғаларға қатысты болғанда тіпті күрделене түседі. Үкаша сахаба жөнінде халық ауыз әдебиеті мен жазба деректерде айтылатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру өзекті мәселелердің қатарына жатады. Қазақ тарихының көптеген мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген Ш.Уәлихановтың кітабынан Үкаша сахаба жайлы мынадай мәлімет оқимыз. Яғни Оксе бұл Укаша сахабаның бұрмаланған есімі дейді.

Потанинге үңілер болсақ қазақ-қырғыздардың шығу тегі туралы жазған материалында мынадай дерек айтып өтеді. Потанин Үкаша атаның шығу тегін Түркі екендігін көрсетеді. Әдетте біздің даламызға келген Ислам дінін таратушыларды араб не парсы делінеді. Потаниннің мәліметі ел арасында айтылып келе жатқан ескі әңгімелердің жиынтығы екендігі анық.

Бізге аңыз болып жеткен Үкаша ата жайында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген  Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректер қалдырды. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп беріледі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретіміздің он жеті орында туын көтеріп еді». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тағы бір жазбасында Ғакаша, Имамбайыр, Құттықожа, Ерқоян бастаған Түркілерден құралған 90 адамнан тұратын атты әскер пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жасағына келіп қосылды деген мәлімет береді. Ғакаша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сенімді сахабаларының біріне айналып, жанында жүреді. Бұл дерек мәліметі  Үкаша атаның шығу тегінің Түркі екендігін көрсетеді.

Шәді төре Жәңгірұлы Расул Ғалайһіссаламның ақырғы өсиеті деген әңгімесінде «Сол уақытта Ғакаша атты бір сахаба, әдеппен бір сөз айтты қол қусырып», — дейді. Жүсіпбек Шайқысламұлының еңбегінде Акаша есімімен берілген. Үш автордың шығармасының мазмұны, құрылымы жағынан алғанда өзара айырмашылық кездеспейді. Үш автордың шығармалары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мұстафаның қайтыс болар алдындағы соңғы өсиетіне байланысты жазылған. Шығармада Ғакаша сахабаның есімі негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде баяндалған. Бұл шығармалар бізге ең алдымен, Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес тарихи тұлға, пайғамбардың жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахаба болғандығын анық көрсетіп отыр. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабын да осы шығармаларадан аламыз. Үкаша атаның пайғамбарымыздың сахабасы болумен қатар шығу тегіне байланысты құнды мәлімет бар. Оның шығу тегі Түркі екендігін көрсетеді. Кеңес үкіметі орнап, қазақ әліпбиі кириллицаға көшкенге дейін ел бұл тұлғаны Ғакаша дейтін болған.

Кеңес үкіметі кезінде дін мәселесін зерттеуге тиым салынды. Бұл тақырыпты зерттеушілер негізінен дінді әшкерелеу үшін ғана жазатын. Сондай мазмұндағы шығарманың бірі О. Дастановтың 1967 жылы шыққан «Әулиелі жерлер туралы шындық» кітабы. Автор «Укаша-ата» кім? деген тақырыпты көтеріп: Укаша туралы дінді уағыздаушылар былай дейді: «Мұхамед пайғамбардың тапсыруымен келіп, Укаша (Ғакаша) ислам дінін таратады». Әрі қарата Үкаша ата жайлы тарихи аңызды тарқатып айтып, оның шын мәнінде негізсіз екендігін тұжырымдаған. Бұл жерде кітап авторының пікірін, дүниетанымын, не себепті кітаптың бұлай жазылғандығын талдап, сынағалы отырған ешкім жоқ. Еңбекте өте маңызды екі мәселе бар біріншісі Укаша мен Ғакаша есімі бір адамға тиесілі екендігі, екіншісі Укаша ата мазарының бүгінгі күні басына барып ел түнейтін Үкаша ата зираты екендігін анық көрсетеді. Үкаша ата құдығына барып су алу дәстүрінің атеистік қоғамның өзінде үзілмей, жалғасын тапқандығы көрсетілген.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері тарихи тақырыпта жазылған кітаптардың саны көбейді. Кәсіби тарихшылардан гөрі әуесқойлар мен журналистердің, басқа сала мамандарының тарихи тұлғалар туралы кітаптары мен кітапшалары баспадан молынан шығып жатыр. Оңтүстік өңірдегі әулиелі орындар мен тарихи тұлғалар жөнінде жазылған кәсіби тарихшының еңбегін таппағанмен, сол тұлғалардың ұрпақтарының болмаса шырақшылардың айтуы бойынша жазылған кітапшаларды жиі кездестіруге болады. Үкаша ата туралы жазылған сондай кітапшаның бірі жазушы-журналист Әсет Әссанди құрастырған «Үкаша ата әулие қысқаша тарихы» кітабы. Бұл кітапта Үкаша ата туралы ескіден келе жатқан аңыз-әңгімелер топтастырылған. Үкаша атаның шығу-тегіне қатысты азғана мәлімет беріліп, Түркі жеріне келіп, дін тарату жолындағы еңбегі жайлы аңыздарды бір ізге түсіріп, жүйелі баяндап шыққан. Бірақ бұл аңызда Үкаша атаның шығу тегіне байланысты нақтылы мәліметтер кездеспейді.

Тарихшы Мұхтар Қожа «Үкаша ата атты киелі орын Түркістан қаласынан 60 шақырым жерді, Серт ауылының солтүстік жағындағы Қаратау етегінде жатыр. Аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед пайғамбардың сахабасы екен. Оны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді» — дейді. (Қожа М. Оңтүстік Қазақстанның әулие жерлері. Шымкент, 2013. 48 бет).

Сонымен жоғарыда келтірген деректерді талдай келіп мынадай қорытынды алуға болады. Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол пайғамбарымыздың сенімді серіктерінің қатарында болған. Шығу тегі жағынан Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бірқатарда тұрады. Ал Кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр.

Айтылатын ауыз көп болғандықтан, жазатын жазармандар көп болғандықтан тарих та тарам-тарам тараулардан, қатпар-қатпар бөлімдерден құралады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлердің бірі — Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Оның мазары Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде Бабайқорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр.

Халық арасындағы аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы ретінде белгілі. Мұcылмандардың әскери қолбасшысы ретінде кеңінен тараған. Аңыз бойынша, Үкаша ата шапса қылыш, атса оқ өтпейтін қасиет дарыған алып денелі, батыр болған екен. Үкаша сахаба сондай-ақ қазақ даласына ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға ретінде айтылады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сенімді серіктерінің қатарында болған. Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады. Ал кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр.

Бірқатар деректерде Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес екені айтылған. Ол Пайғамбардың (с.а.у.) жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахабасы болғандығын көрсетеді. Пайғамбар сахабасы — Әли Мұхаммед (с.а.у.) алдында жүретін қорғаушысы болса, Үкаша ата оның арқа тұсында жүретін оққағары болған екен. Мұхаммед (с.а.у) өмірден өтер сәтінде: «Кімде-кім Үкашаның жүзіне қараса, сол адамға тозақ оты харам болады» дегенді айтады. Енді бір деректе Мүбәрак әулиенің қасиетті қаны аяқ асты болмасын деген оймен денесімен қоса қаны шашыраған жері көміліп қабірге айналдырылған.

Қазіргі таңда Үкаша ата қабірі бүкіл түркі жұрты мінәжат қылып, тәуәп жасайтын зиярат орнына айналған. Үкаша ата дегенде, ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабы да тарихи шығармалардан алынған. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп, құран оқиды. Одан кейін барып тау басындағы құдықтан су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Тарихшы Мұхтар Қожа Үкаша ата туралы мынандай деректер айтады.

«Үкаша атаны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер таң намазын оқып отырған кезде басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.у.) жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді», — дейді тарихшы

Ал кейбір деректерде Үкаша ата бейітінің жанындағы қасиетті саналатын құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зәмзәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Оның тереңдігі 22-25 метрді құрайды. Құдық тік емес, спираль тәрізді. Құдықтан су алу үшін шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның жолы болғыш, бақытты адам деп саналады. Осы құдықтың басына барша мұсылман жамағаты Алладан тілек тілеп, күнәларынан арылуға зияратқа ағылып келіп жатады. Сондай-ақ ел арасында жаугершілік заман мен бертін келе соғыстан кейінгі жылдары да жараланған адамдамдар осы құдықтың суына шомылып, айығып кеткені туралы айтылады.

Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. 1990 жылдары ауыл ақсақалдарының күшімен ол жер қайта жөнделіп, тәубе ететін орынға айналдырылды. 1996 жылы облыстық Мәдениет басқармасының «Әзірет Сұлтан» музейі қармағына берілді.

Тағы бір аңызда былай дейді: «Үкаша атаны жау жеңе алмаған. Ол тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жерасты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді».

Саят ЖОРАБЕК.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *