ТҮРКІСТАН:  ҰТЫМДЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА – 2

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атыраудағы Ұлттық құрылтайда: «Ең алдымен, тәуелсіздік және отаншылдық. Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек. Біз әділетті мемлекет пен отаншыл, адал азаматтардың күш-жігерін үйлестіріп жұмылдыру және халқымыздың мәдени кодын үнемі заман талабына сай бейімдеп отыру арқылы ғана ең маңызды міндетімізді орындай аламыз, яғни қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайта түсеміз»,-деген болатын. Осыған орай Түркістан қаласындағы Жастар орталығының басшысы Әлия Пиржановамен сұхбаттасқан болатынбыз.

— Қалаға келген жастарымыздың дені рухани астана болғандықтан талантты жастарды қолдау жайы қалай атқарылуда?

— Орталықтың талантты жастарды қолдау бөлімі бұл бағытта ауқымды қызмет көрсетуде. Қаламыздың талантты жастарын қолдау және жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында 37 кездесу өткізілді. Сонымен қатар қаламыздың тазалығын сақтау, абаттандыру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ерікті жастармен бірге 43 сенбілік жұмыстары жүргізілді. Жастар ресурстық орталығы Ерікті жастармен бірлесіп еңбек адамдарына құрмет көрсетіп оларға ыстық шәй мен тәтті бәліштер тарқатылды. «Khanshayim plaza» ойын-сауық орталығында өнерлі жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында «Квартирник» іс-шарасы өткізілді.

— Мемлекет басшысы жастарды патриоттыққа және барлық шараларға ерікті түрде қатысушыларды барынша қолдап отыр? Осы бағытта қандай жұмыстар жасап жатырсыздар?

— Жастарды патриоттықа тәрбиелеу мақсатында «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облыстық филиалының төрағасымен бірлесіп жалпы орта мектептерде кездесу өткізілуде. «Мансап» орталығымен бірлесіп Халықтық кеңседе NEEТ санатындағы жастарды және жалпы жастарды жұмыспен қамту мақсатында 6-7 ақпан күндері «Ашық есік» күндері өткізілді. Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ардагерлерге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары таратылып, концерт берілді. Түркістан қаласы жалпы орта мектептерінде оқушылардың көркем оқуға қызығушылығын арттыру, Абай қаламынан туған өлеңдерді жастарымызға насихаттау мақсатында «Абай оқулары» іс-шарасы өткізілуде.

Қоғамдық көліктерде халықтың көңіл күйін көтеру, көпшіліктің әнге, мәдениетке құштарлығын арттыру мақсатында домбырамен ән салып, күй тарту музыкалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қаламыздағы жалпы орта мектептерінде қазақ халқының ұлы тұлғалары жайлы сауалнама жүргізілуде.

9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай Отан соғысының ардагері Н.Абдирасиловтың үйіне арнайы барып Жеңіс күні мерекесімен құттықтап ақсақалға құрмет көрсетілді. 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай саябақ және басқа көпшілік орындарда азаматтарға «Жеңіс лентасы» таратылды.

— Жастардың мамандық таңдауы бағытында қандай қолдаулар көрсетіп келесіздер?

— Жастарға бағытталған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған жас кәсіпкерлерді тұрақты түрде зерделеу жұмыcтары жүргізілуде. Жастарға мамандық таңдауға бағдар беру мақсатында мектеп бітіруші түлектерді Облыстық жедел медициналық көмек станциясы, Түркістан қалалық полиция басқармасы, Фараб кітапханасы Төтенше жағдайлар басқармасына экскурсия жасап жұмыстарымен таныстырды. Ал, Neet санатындағы жастарды индустриялды аймаққа кәсіпорын жұмыстарымен таныстырды.

Түркістандағы жастарға арналған қандай бұқаралық іс-шаралар өткіздіңіздер?

— Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны және ұлттық музыканы насихаттау мақсатында қоғамдық көліктерде «Домбыра пати» іс-шарасы өтті.

Алғыс айту мерекесіне орай «Алғыс айту парызым» атты атаулы мерекенің мән-маңызын кеңінен насихаттайтын мерекелік іс-шара өтті.

Отандық киноны қолдау және кино мәдениетін дамыту және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жастарға «Бекзат», «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Қазақ хандығы» көркем филімдерінің көрсетілімі өтті.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қаламыздағы белсенді аналар, жас көпбалалы аналар жас кәсіпкер әйелдерге мерекелік «Ана гүл-ана өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Қаламыздың Ерікті жастарымен бірге Сидней олимпиадасының чемпионы Б.Саттархановтың анасы С.Шойбековамен кездесу өтті.

Этноауыл кешенінде «Наурыз жыл басы» атты тақырыпта ұлттық тағамдар мен қол өнер бұйымдар көрмесі өтті. «Нұр жаудырған әз Наурыз!» атты Наурыз мерекесіне орай іс-шара өтті.

Ұлы дала елі кешенінде көркекті геолог «Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл» толуына орай қала жастары арасында еске алу мерекелік кеші өтті.

— Алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларыңызбен бөліссеңіз?

— Бұқаралық спортты дамыту мақсатында және пробация жастарын қоғамға бейімдеу мақсатында «Спорт бақытқа бастар жол!» атты тақырыпта спорттық сайыс жоспарлануда.

Девиантты мінез құлықтың жастарға психологиялық тренинг өткізу мақсатында «Интернетсіз бір күн» атты іс-шара жоспарлануда.

«Жас маман алға бас қадам» атты жастарға мамандық таңдауға бағдар беру мақсатындағы іс-шара жасауды жоспарлап отырмыз.

— Әлия Базарбекқызы, жастарға арналған қызметтеріңіздің берекесін берсін! Лайым түркістандық жастарды биіктерден көре берейік.

Сұхбаттасқан:

Ұлпан ӘБДРАХМАНОВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *