Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атыраудағы Ұлттық құрылтайда: «Ең алдымен, тәуелсіздік және отаншылдық. Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек. Біз әділетті мемлекет пен отаншыл, адал азаматтардың күш-жігерін үйлестіріп жұмылдыру және халқымыздың мәдени кодын үнемі заман талабына сай бейімдеп отыру арқылы ғана ең маңызды міндетімізді орындай аламыз, яғни қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайта түсеміз»,-деген болатын. Осыған орай Түркістан қаласындағы Жастар орталығының басшысы Әлия Пиржановамен сұхбаттасқан болатынбыз.
— Әлия Базарбекқызы, қазіргі таңда киелі шаһарымызға жастар көптеп қоныстануда. «Жастар ресурстық орталығында» қанша адам жұмыспен қамтылған? Ол жеткілікті ме?
— Қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастарды жан-жақты қолдау мақсатында іс шара жоспары қала әкімімен бекітілген болатын. Бекітілген жоспар тікелей облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жылдық жоспарының кіші форматындағы іс-шаралар жиынтығы бойынша жинақталған. Сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» қала жастары жайлы мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Осы аталған мәселелерге толығырақ тоқталсам:
Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің штаты жайлы айтсам, жалпы 20 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс атқарады. Оның ішінде орталық директоры, орынбасары, есепшісі, заңгері, психологі, социологы барлығын қосқанда штатымызда адам бар.
Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес жастардың ұлттық құрамы туралы мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласының жастарының саны (14-35 жас аралығы) – 71 486. Оның ішінде ерлері — 36352, әйелдер – 35134.
Жас ерекшелігіне қарай, 14-17 жастағылар – 18199,18-21 жас – 15527, 22-25 жас -1627, 26-27 жас-8905, 29-34 жас-19228 адам.
Жастардың білім алу деңгейіне келсек,Түркістан қаласында жоғарғы оқу орындар саны 2, студенттер саны– 12265. Орта арнаулы оқу орындар 8, студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде білім алушы оқушылар саны 7-11 сыныптағылардың саны-18844 адам.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар саясатының жүзеге асыру бағытына өте жоғары мән беріп отыр. Осыған орай қала жастарының бастамашылығы қандай деңгейде деп ойлайсыз?
— Мемлекеттік бағдарламалар бөліміның атқарып отырған жұмысы елеулі. Қаламызда соңғы статистика бойынша 14-35 жас аралығында 71 486 жас болса соның ішінде 66 439 жас жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын, тұрақты жұмысы бар ал 5047 жас NEET санатында. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары NEET санатындағы жастарды зерделеу мақсатында Ерікті жастармен бірлесіп жастарды үйме үй аралау жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында 4230 жас өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 455 жас шет елде жұмысқа кеткен ал 362 жастың жұмыссыз екендігі анықталды. NEET санатындағы жастар санын азайту және жұмыссыз жастар көрсеткішін төмендету мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і түрлі бағытта іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік гранттар, «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орыны», «Жастар практикасы», Серпін-2050 бағдарламалары бойынша 38 кездесу өткізіліп 7740 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері «Мансап» орталығымен бірлесіп 2 «Ашық есік» күндері және қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Жастар практикасы» бойынша 9 кездесу өткізілді.
Серпін-2050 бағдарламасы бойынша Петропавл, Семей, Қостанай қалаларының университеттерінен келген арнайы өкілдермен бірлесіп орта арнаулы оқу орындары мен жалпы орта мектептерде кездесулер өткізілді.
— Түркістан тез арада серпінді дамып келе жатқандықтан жастар арасында албырттықпен түрлі қателіктер жасап қоюы мүмкін. Осындай жастарға қандай психологиялық көмектер көрсетіп келесіздер?
— Қазіргі таңда Орталықтың психологиялық көмек көрсету бөлімі бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Түркістан қаласы жастары арасында өзекті мәселелердің (құқықбұзушылық, ерте жүктілік, лудомания, өз-өзіне қол жұмсау) алдын алу бойынша 84 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп 3730 жас қамтылды. Жеке мәселелер бойынша жасқа психологиялық көмек көрсетілді. Жылдың басынан бастап қалада 10 рейдтік іс-шара жүргізілді. Одан бөлек ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша үлкен деңгейге 2 форум өткізілді. Түркістан Жоғары Көпсалалы қолөнер колледжінінде «Қызды қырық үйден тыю» атты тақырыпта өткен форумға Түркістан облысы Балалар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл Д.Егембердиева және жалпы орта мектептер мен қалалық емхана психологтары қатысты.
— Жақында Мемлекет басшысы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға қол қойды. Осыған байланысты отбасылық құндылықтарды дәріптеу қалай жүзеге асырылуда?
— Отбасылық құндылықты дәріптеу мақсатында «Күміс кереге», «Алтын шаңырақ» атты отандасқандарына 25 жыл, 50 жыл толғандармен кездесу өтті. Түркістан қаласы полиция басқармасымен бірлесіп орта арнаулы оқу орындарында Қаржы пирамидасынан сақтану бойынша кездесу ұйымдастырылуда. Ұлы дала елі кешенінде «Қоғамның ізгілігі – адалдық пен бірлікте» атты жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы тәрбиелік іс-шара өтті. Ұлт болашағы қыздардың тәрбиесі, оларды жат қылықтардан тыю мақсатындағы Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінде «Қызды қырық үйден тыю» атты форум өтті.
Жалғасы бар