Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелерінекоммуналдық қызметтерді алу мақсатында шартжасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүліктітіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасаутуралы SMS-хабарлама келетін болады.

Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістаноблыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іскеасырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастапжүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды.

«Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйверіретінде Invisible Government жолындатехнологиялық және клиентке бағдарланғансервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтынмүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелеріменинтеграциялануының арқасында мүліктің жаңаиелеріне коммуналдық қызметтердіұсынушылармен автоматты түрде шарт жасаумүмкіндігі пайда болды»,деді Мемлекеттіккорпорацияның Басқарма Төрағасы АрманКенжеғалиев.

Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатыпалған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралыұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтергежіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсызавтоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарламакеліп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі.

Жақын арада Мемлекеттік корпорация жобаауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *