Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз. Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау мекемелері және аймақ басшылары осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етпейді. Соның салдарынан қоғамымызда ұдайы келеңсіз оқиғалар болып жатады»,-деген болатын.
Жер қатынасы саласында жыл-дар бойы қордаланған мәселелер өте көп. Соларды тезірек еңсеріп, құқықтық шешімдерін шығару үшін уақыттан ұтуымыз керек. Се-бебі, Түркістан өңірінің диқандары ерте көктемнен егіс науқанына қамдана бастайды. Осыған орай, бейнеткеш қауымның жұмысын «көктемнің бір күні жылға азық» дегендей, жер туралы құқықтық құжаттарын барынша қысқа мерзімде реттеп беруіміз керек. Әрине, ол арқылы диқандар субсидиялық қайтарымсыз қаржы, көктемгі егіске қажетті жанар-жағармай алып, техникаларын жаңалауға да мүмкіндік алады.
ЖЕР ТЕЛІМІН ИЕМДЕНУДЕ ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысы негізінде Кентау қаласының шекарасы өзгертіліп, 6460077,41 гектарға өзгерді. Сол арқылы Сауран ауданының жер санаттары былайша бөлінді.
Сауран ауданының жалпы жер көлемі – 6460077,41 гектар болды. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында бөлінген жерлер – 319714,13 гектарға жеткізілді. Ал жайылым жерлер 248173,13 гектар болса, суармалы жерлер — 56119,15 гектарға ұлғайды. Негізі елді-мекен жерлері болса 66805,81 гектарды құрады. Өзге де жерлер – 257128 гектар болып құжатталды.
Қазақстан Респбуликасы Жер Заңнамасын бұза пайдаланып отырған жер учаскелерін анықтап тиісті органға жолдау бойынша қы-руар істар атқарылды. Сауран ауда-ны әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республика-сы Жер Заңнамасының талаптарын бұзып пайдаланып жатқандар анықталды. Оның ішінде мақса-тына сай пайдаланылмай жатқан, ор қазу, мия қазу, жайылымды суармалы ретінде пайдалану фактілері кездесті. Осыған орай 16 жер телімі анықталып, жалпы алаңы 4872,4 гектар жер телімін тиісті шара көру үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолдадық.
«ЖЕР АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕР КЕЗІНДЕ КӨТЕРІЛДІ
Парламент депутаттары мен «АMANAT» партиясының қол-дауымен еліміз бойынша жүргізі-ліп жатқан «Жер аманаты» бағдар-ламасы нәтижесін бере бастады. Мәселен, Сауран ауданы аумағына кезінде ұстағанның қолында тісте-геннің аузында кеткен жер телім-дері тұрғындарға ортақ жайылым-ға пайдалану үшін қайтарылуда. Бұл бағыттағы жоспарлы тапсырма 110,7 пайызға асыра орындалды. Ортақ жайылым-ға қайтаруға қо-йылған жер көліме жоспар бойын-ша 29,5 мың гектар болса, іс жүзін-де тұрғындарға қайтарылған жайы-лым жердің жалпы көлемі 32545,67 мың гектарға жеткізілді. Қазірдің өзінде сот өндірісінде қаралып жатқан жер телімдерінің саны және жалпы алаңы 61 жер учаскесі 11,6 мың гектарға барады. Оның сыртында аудан әкімінің қаулысы негізінде ортақ жайылымға табысталған жер учаскелері 55 мың гектарға жеткізілді.
ЕЛДІ МЕКЕН АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ ҮЙ САЛЫП АЛҒАНДАР БАР
Жасыратыны жоқ, мемлекет ондаған жылдар бұрын елді мекендер маңынан инфра құрылымы жасалмаған жерлерді жеке тұрғын үй салып алуға тыйым салған болатын. Қазір бірнеше отбасының бір үйге қысылып, қымтырылып тұрып жатқан жайы жиі кездеседі. Біз барынша қарапайым халыққа мүмкіндігінше қол ұшын созып, кезінде заңсыз салынған үйлерін заңдастыруына көмектесудеміз. Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы ойдағыдай жүзеге асуда. Сауран ауданы бойынша 1136 өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жер учаскелері анықталып, 76 жер учаскесі Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, 27 жер учаскесіне тиісті әкімшілік айыппұл салынып, толығымен құжаттандырылды.
ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ТАБЫС ӘКЕЛУІ ТИІС
Сауран ауданы бойынша жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы мәліметке жүгінер болсақ, ағымдағы жылы аукцион негізінде жалпы саны 22 жер учаскесі сатылымға қойылып, 22 629 000 млн теңге бюджет есебіне түсім түсті.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау туралы мәселе де өз шешімін табуда. Ағымдағы жылда Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерден 190 лот жалпы алаңы 1943,6 жер учаскесі конкурстық негізде суармалы жер учаскесі болып, қайта айналымға енгізілді.
ЕЛДІ МЕКЕН ШЕКАРАЛАРЫ ҚАЙТА ҚАРАЛУДА
Сауран ауданының қайта құрылғанына, аудан орталығы мәртебесін алуына байланысты елді мекен шекараларын кеңейту, аймақтарға болу, түзету коефициенттерін бекіту, жайылымдарды басқару бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселе кезек күттірмейді. Сауран ауданы әкімдігі тарапынан Сауран ауданына қарасты жер учаскелерін аймақтарға бөлу және жер учаскелерінің түзету коефициенттері, Сауран ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №264, №67 бірлескен шешімі және Сауран ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы №65 шешімімен бекітілді.
Болашағы жоқ елді-мекендерді тарату бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының болашағы жоқ елді мекендерді тарату туралы тапсырмасына сәйкес Сауран ауданы Қарашық, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қаратөбе, 32-разьезд елді мекендері Сауран аудандық мәслихатының шешімімен таратылды.
Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасымен бекітілген бұйрықтар бойынша мәліметтерге тоқталар болсақ, 2023 жылы Сауран аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы саны 4326 бұйрық бекітілген. Оның ішінде 885 бұйрықпен бекітілуден бас тартылған. 3441 жер учаскесін бұйрықпен бекітіліп келісілген.
2023 жылы Сауран аудандық әкімдігінің жанынан құрылған 37 жер комиссия отырысы өткізіліп, 2960 өтініш қаралып тиісті шешімдер қабылданған. Өткен жылы жалға алу келісім шарты негізінде 3075 шарт түзілген және Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу келісім шарты 1075 рәсімделінген. Өткен жылы Сауран ауданы әкімінің жер қатынасына қатысты 402 қаулысы қабылданды.
ЖЕР ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖҮГІ АУЫР
2024 жылы жер қатынастары саласындағы атқарылатын жұмыстарға тоқталар болсақ, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар өте ауқымды. Мәселен, «Түркістан халықаралық әуежайдың» қорғау аймағының шекараларын бекіту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі байқалып отыр. Сауран ауданына қарасты Шорнақ, Жүйнек, Шаға, Ескі Иқан ауылдық округтерінің елді мекен шекараларын кеңейту жұмыстарын жүргізу керек болып отыр. Кезінде заңсыз беріліп кеткен жерлерді ортақ жайылымға алынатын жер учаскелерін қайтару бойынша жұмысты жандандыру және оны тұрақты қадағалау қажет.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сатылымға (аукцион) арқылы табыстау жұмыстарын жүргізу жайы да кезек күттірмейді. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 92, 65-1, 43-10, 65-1 9 тармағының талаптарын сақтамаған жер учаскелерін анықтау жұмыстарын жүргізіп тиісті шара көру бойынша жұмыстар атқаруды жалғастырамыз. ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін» уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскесін табыстау туралы конкурс өткізуді ұйымдастырамыз. Биылғы жылдан бастап Сауран ауданы әкімдігі тарапынан қабылданатын қаулыларды түбегейлі қағазбастылықтан арылту мақсатында электронды форматта рәсімдеуге көшеміз.
Сауран, Түркістан, Кентау қала-сының өзгертілген шекараларын бекіту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МЕАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалымен жобалық сметалық құны әзірленіп, алдағы уақытта жер шаруашылық аралық жобасын әзірлеп бекіту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мұның барлығы айтуға оңай болғанымен іс жүзінде өте күрделі әрекеттер. Соған орай біз де халыққа барынша тиімді әрі оңтайлы құқықтық актілерді қолдануға күш салудамыз.
Асылбек ПАТСАЕВ,
Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.