САУРАН: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАРАҚТАНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал»,-деген болатын. Осыған орай Иассы ауылдық округінің диқандары мен малшылары, кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы техникаларын жаңғыртуға жедел кірісуде. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарға сәйкес 1280 гектар суармалы жерді игеру бойынша 1347 гектарды құрайды. Жоспар 104 пайызға артық. Өткен жылы ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін шаруаларға көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген 170 тонна жанар-жағар май берілген. 2023 жылы агроқұрылымдар арқылы жалпы құны 550,812 млн теңге инвестиция тартылған. Иассы ауылдық округі бойынша 2023 жылдың 12 айда аралығында ауыл шаруашылығы саласында іске асырылған жұмыстар туралы мәліметтерге тоқталар болсақ соңғы жылдары ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі артқаны байқалды. Жоспар 550 млн теңге орындалғаны 550,812 мың теңге болды. Мал қора маңынан малшы тұратын үй салған Кошкарова Кулзия 41 млн теңге жұмсады. Улуғбек шаруа қожалығының төрағасы Абубакиров Ташкенбай Вахапович МТЗ-892 беларус тракторын 12 млн 600 мың теңгеге сатып алды. Убайдуллаев Нематжан шаруа қожалығының төрағасы Убайдуллаев Нематжан жаңадан МТЗ-892 беларус тракторын 11 млн 700 мың теңгеге, Жуматай шаруа қожалығының төрағасы Ходжамуратов Жуматай Беларус 982 беларус тракторын 11 млн 382 мың теңгеге сатып алды.

Мал қора және малшы үйін салған Абдураимов Дилшад Нусирдиллаевич 302 млн теңге жұмсады. Қой шаруа қожалығының төрағасы Урлибаев Джубай МТЗ-892 беларус тракторын 10 млн теңгеге алды. «Агрофирма Сауран» АШӨК төрайымы Жаксыбек Сымбат 162 млн 130 мың теңге жұмсап, жаңбырлатып суару құрал жабдықтарын сатып алды.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің жоспары 12 млн, теңге болса, орындалғаны 100%. Бұл мақсатқа «СПК Шойтөбе» ауыл шаруашылық өндірістік коперативі 12 млн теңге жұмсады.

ҚАРҚЫНДЫ БАУ ӨСІРУДІҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын. Біз өз кезегімізде Жолдаудан туындаған тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Қазіргі таңда Иассы ауылдық округінде жыл ішінде бір жерден 2-3 өнім алу бойынша 12 жоба іске асырылды. 2-3 өнім алу бойынша бірінші кезеңде 38,5 гектар күздік бидай өнімі егіліп 111,5 тонна өнім жиналды .0,5 гектар қызанақ дақылынан 12 тонна өнім түссе, бір гектар қияр дақылынан 25,4 тонна өнім халыққа ұсынылды. 2-3 өнім алу бойынша екінші кезеңде 38,88 гектар жоңышқа егіліп 200,4 тонна өнім жиналды.0,6 гектар қызанақ дақылы егіліп 14,4 тонна өнім, 0,26 гектар қияр дақылынан 6,5 тонна өнім, 0,24 гектар тәтті бұрыш дақылы егіліп 7 тонна өнім халыққа ұсынылды.

Соңғы жылдары өнімді қызанақ, қияр, тәтті бұрыш егушілер жылыжайларды жабдықтауға көше бастады. Мәселен, жылыжай салғандар 0,20 гектар аумақта іске кірісті. Олардың қатарында Байжанов Абдурахым 0,5 гектар, Мутенов Рамазан 0,5гектар, Исаков Бабахан 0,10 гектарды жылыжайға пайдалануда. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту, 5 гектарға жоспарланса, орындалғаны 5 гектарды құрады. «Сержан» шаруа қожалығының төрағасы Бекбергенов Темирхан 5 гектар аумаққа жүзім бауын екті.

ТАБЫС САЛЫҒЫ ТҮСІМІ 140 ПАЙЫЗҒА АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Әлемдегі экономикалық ахуал біздің елге де салқынын тигізетіні сөзсіз. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады. Үкіметтің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырған жоспары болуға тиіс. Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, жекеменшікті қорғау, әділ сот төрелігі болуы өте маңызды. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың бәріне қол жеткізіп, белгіленген мерзімде ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз,-деген болатын.

Иассы ауылдық округі бойынша 2023 жыл жылдық атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, ауыз толтырып айтатындай жұмыстар бар. Қазіргі таңда есепті кезеңде Еңбекші – Дихан және Шойтөбе елді мекендерінде халық саны — 3108-ге жетіп отыр. Әр түрлі ұлт өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті тұрып жатыр. Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны- 1962 адам. Үй саны — 479, оның ішінде Еңбекші Дихан ауылы — 417, Шойтөбе ауылында — 62 үй бар. Иассы ауылдық округі бойынша 2023 жылға салық түрлері бойынша түсімдер 6 млн 313 мың теңге, 12 айда орындалуы 6 млн 403 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспардың 102 % орындалды. Атап айтқанда, мүлік салығы жоспар 798,0 мың теңге, нақты – 807 мың теңге 101 % орындалды. Жер салығы жоспар 100,0 мың теңге, нақты – 104 мың теңге 102 % орындалды. Көлік салығы жоспар 4 165,0 мың теңге, нақты – 4 165,0 мың теңге 100% орындалды. Жеке табыс салығы жоспар – 950,0 мың теңге, нақты 1 млн 327 мың теңге 140 % орындалды. Жер сатып алудан түскен қаражат 20 млн 470 мың теңгені құрады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАСТЫ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

«2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың арналған бағдарлама шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы туралы ауыз тотырып айтуға болады. Есепті мерзімде жастар практикасына нақты – 15 адам қатысты. Қоғамдық жұмысқа нақты — 30 адам тартылды. Тұрақты жұмыс орнымен нақты — 62 адам қамтылды. Өздігінше жұмыспен қамтылғандар саны 66 адам болды. Сонымен қатар 17 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде жеті адам грантқа ие болды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 4 адам іске кірісті. Иассы ауылында тіркелген мүгедек бала саны – төртеу. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері арнайы бекітілген, 4 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп отырады.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2023 жылдың 12 айында 48 отбасына 284 адамға 24 млн 559 мың теңге төленді.

Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім-кешектер мен азық-түлікпен 45 отбасына көмектер көрсетілді.

Иассы ауылдық округіне қарасты әлеуметтік қызмет нысандары: жалпы орта мектеп -1, дәрігерлік амбулатория-1, ФАП-1, дәріхана-1, дәрігерлік бекет-1, бала бақша-2, АТС бөлімшесі -1, жылжымалы пошта қызметі-1, сауда нүктелері — 8, ашық кіші футбол алаңы-1, заңды тұлғалар — 3, жергілікті қауымдастық құрылған -1, мешіт -3, намазхана -1 және 237 шаруа қожалықтары, 1 жиһаз цехы халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда дінаралық қарым қатынас қызметі үнемі бақылауда және тиісті заңнамалар негізінде жұмыстар жүргізілуде, саяси ахуал тұрақты. Ауылдық округте 3 мешіт, 1 намазхана бар. Кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында арнайы төрағасы және 12 мүшесінен тұратын ақпараттық топ құрылған. Ауыл ақсақалдар кеңесімен ауылдың өзекті мәселелері айтылып, шешу жолдары сала-сала бойынша талқыланып, үнемі хабардар етудеміз.

Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 1 мектеп жұмыс істейді, 300 орындық «Төлеби» жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны — 90, кіші қызметкерлер саны — 30, оқушылар саны — 717 оқушы, соның ішінде мектеп даярлық тобында — 54 бала. 2 жеке меншік мектеп бар.

Ауылда «Жауқазын» бөбекжай бала бақшасында 37 қызметкер жұмыс істейді. Онда 6 топта 150 бала тәрбиеленуде.

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы Еңбекші Дихан ДА және Шойтөбе елді мекенінде ФАП қызмет атқарады. Емхана 2013 жылы салынған. Жалпы жұмысшылар саны 23 адам, 2 жоғары білімді дәрігер және 16 орта буынды мед қызметкерлер және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді.

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

Округ көлеміндегі дерекқор базасына тіркелген ірі қара мал саны 3592 бас, уақ мал саны 25114 бас, жылқы 3726 бас құрап отыр. Иассы ауылдық округ аумағында 1500 гектар жайылым жер қажет етеді. 2023 жылы агроқұрылымдар мен жеке кәсіпкерлер арқылы жалпы құны 501 млн теңге инвестиция тартылған.

Қазіргі таңда ауылдық округі бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей. Заңды тұлғалар -3, шаруа қожалықтар-237, сауда дүкені-8, шаштараз-1, авто жөндеу-1, дәріхана-1, тойхана-2, дәмхана-2.

2023 жылы есепті кезеңіне 35 жеке кәсіпкер тіркелген. 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде, 27 кәсіпкер және басқа кәсіп түрлерімен айналасуда. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ауыл шаруашылық қолдау қорынан 4 жеке кәсіпкер 20 млн ақшалай несие алды.

«ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ» ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Бекітілген іс-шараға сәйкес, 2023 жылдың 12 айлығында әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 8 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 200 дана көшет, Шобанақ көшесіне 700 түп, елді мекенге кіре беріс, 168 түп көшет, Мектеп аумақтарына 500 дана терек егіліп, жалпы-1568 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды.

Жыл бойы «Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалық төрағаларымен бірлесе 3 техника, 48 тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекені ауыл сырты беті күл-қоқыстан тазартылды. Ауыл округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 8 тонна күл қоқыс шығарылды.

2023-2024 жылдардағы күзгі және көктемгі төтенше жағдайлардың алдыналу мақсатында, арық-атыздарды тазалауға, бөгеттерді ашуға және де дамбыларды қайта қалпына келтіруге 800 литр дизель отынын, 1000 дана қап, қыс мезгілінде жолдарға себуге 2 тонна тұз қажеттілігі туралы сұраныс хат жолданған. Қазіргі таңда 200 литр дизель отыны, 300 дана қап, 1,5 тонна тұз қолда бар.

АУЫЛДАР АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекені бойынша орталық алаңын қоршау жұмыстары үшін 13 млн 947 мың теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 8 млн 230 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «IT-Қызмет» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілді. Иассы ауылына қарасты елді мекеннің ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені, Оспан ата көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 3 млн 130 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 1 млн 940 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Sardar» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілді.

Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені, М.Саркулов көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 5 млн 251 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 2 млн 775 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Мега Сервис» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілді. Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені, Аллаш ата көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 3 млн 130 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 1 млн 665 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Мега Сервис» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілді. Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені, Ж.Абдураимов көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша сметасы жасалып Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 3 млн 980 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған мердігері арқылы жұмыстар жүргізілді. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылының жаңа учаскедегі ішкі көшелерге жалпы ұзындығы 9100 метр тас төсеу жұмыстары бойынша сметасы жасалып 38 млн 311 мың теңгеге бағалық ұсыныспен Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес анықталған ЖШС «Vek-Story-Com» мердігері арқылы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар 2 кезеңнен тұрады. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылына қарасты мазараттарды коммуналдық меншікке алу үшін құжаттары рәсімделді.

Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізу нысанына 23 351 мың. тенгеге жобалық сметалық құжаттамасын мердігер «Жамбылагрогазпроект» ЖШС-мен әзірленіп жатыр. Иассы ауылдық округінің Еңбекші Дихан ауылына 600 орындық мектеп құрылысына жер телімі белгіленіп, аудан әкімінің қаулысы шықты. Сыртқы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Жеке тұрғын үй салуға арналған жерлер бойынша биылғы жылға Шойтөбе ауылынан 52 гектар және 17 гектар аумаққа оңтайландырылған сызбасы бекітілген аумақтан жаңадан тұрғын үй құрылысы үшін қалдырылған алаңдарға инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін тұрақты пайдалану құқығымен бекітіп беруге шешім шығару үшін аудандық жер комиссиясының қорытындысын алуға хат жолданып, Сауран аудандық жер комиссиясының 01.02.2022 жылғы №2 хаттамасы шығып, Сауран аудандық жер кадастры бөлімімен мемлекеттік акт рәсімделу жұмыстары жүргізілуде.

АТҚАРЫЛҒАН ІС АУҚЫМДЫ, АЛДА ОДАН ДА ЗОР ЖҰМЫСТАР КҮТІП ТҰР

Иассы ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Халық санының көбеюіне байланысты, Сауран ауданы, Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан ауылының электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізу нысанына жобалық сметалық құжаттаманы мердігер «Redline Pro» ЖШС-мен әзірленді. Жалпы жобаның құны 721 292,0 мың теңге. Бюджеттен қаржыландыруға ақша бөлдіру үшін ұсыным жасалды. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылының орталық көшесі облыстық маңызы бар Шобанақ көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі байқалып отыр. Еңбекші Дихан ауылының кіре беріс, шыға беріс аумақтарына бақылау камераларын жөндеу және орнату керек. Еңбекші Дихан ауылы, М.Тобағабылов көшесіне аяқ жол төсеу жұмыстарын жүргізу қажет. Еңбекші Дихан ауылының жоғарғы жағынан ауыз су мұнарасын қою арқылы ауылдың барлық жеріне ауыз су жеткізу мақсатында ауыз су жүйелерін ауыстыруға СЖТ әзірленуде. Еңбекші Дихан ауылы, М.Айтметов және М.Тобағабылов, М.Камалов, А.Исаков көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін дайын болған сметалық құжаттарына қаржы бөлдіру керек. Шойтөбе ауылының байланыс операторларының орнатылған станциясын іске қосу жұмысын жылдамдату және интернет сапасын арттыру туралы жұртшылық өкілдері сұраныс білдіруде. Еңбекші Дихан ауылына клуб-кітапхана және мәдени ошақтары үшін бөлінген жерден клуб-кітапхана құрылысын салу үшін сметалық құжаттарын дайындау жоспарлануда. Еңбекші Дихан және Шойтөбе ауылдарына балалардың ойын алаңдарының құрылысын салу жоспарлануда. Мұны барлығы қосымша қаржыны қажет етеді. Алдағы уақытты тұрғындардың мұқ-мұқтажына көңіл бөліп, қоғамдық ұйымдармен кәсіпкерлермен бірлесе отырып, туған өлкеміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, әлеуетін дамыта түсетін боламыз.

Сыздық ПИРМЕТОВ,

Иассы ауылдық округінің әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *