Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты.
Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.
Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 76 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Аудан көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілікке ауылдық округтер мен дербес бөлімдер, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.
Акция шарасы Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына – 398 адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.
Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз!