ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ САЛАЛАРДЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайларда айтқан сөздері  елімізде іске асырылып жатқан реформалардың заңды жалғасы іспетті. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да жаңа құрылтайдан үлкен бастамалар күттік. Қала тұрғындарына Ұлттық құрылтайдан аңғарған мәселелерді жеткізер болсам, Президент жаңа экономикалық жүйеге көшу кезеңінде алдымен еліміздің оған қандай мүмкіндіктері мен әлеуеті бар екенін, қандай тәжірибеге сүйеніп, экономиканың қай секторын дамыту арқылы қол жеткізуге болатынын нақты зерделеген. Тоғыз нақты бағыттар бойынша тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының пікірінше, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады.

– Алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет. Қазір ертеде өткен оқиғаларға, белгілі бір тұлғаларға қатысты талқылау көбейіп барады. Қаламгерлеріміз, тіпті, Шыңғыс ханның тегі кім деп, айтысып-тартысып жататын болды. Кеңес заманындағы тұлғаларды, әсіресе, Алаш көсемдері мен Кеңес қайраткерлерін салыстырып, бір-біріне қарсы қояды. Дәл осындай сөз тартыстарының ақиқатына жету қиын, жеткеннің өзінде ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың еш қажеті жоқ. Әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Әрбір тұлға өзінің көзқарасына, дүниетанымына қарай және өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етті. Олар, яғни, сол заманның қайраткерлері бір кездері ұстанған бағытына бола дауласса, ендігі ұрпақ кімнің ісі дұрыс, кімдікі бұрыс деп даурығып жүр. Жалпы, бұрынғы және қазіргі тарихтың түрлі кезеңдерін, тұлғаларын бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі – біздің тарихымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан экономикасының жаңа парадигмасы өндірістің барлық негізгі факторлары – еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалануға негізделмек.

“Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады.Өздеріңізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршаңыз куә болдыңыздар, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істедіңіздер.Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше.Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет”,деді Президент.

Бұл бастамалар экономика салаларының жұмыс істеу механизмін толығымен өзгертетінін айрықша атаған жөн. Атап айтқанда, атқарушы билік, орталық және өңірлер жүйесіндегі өзара қарым-қатынастар логикасы қайта қаралды. Салықтық ынталандырудың, нормативтік және құқықтық реттеудің жаңа шаралары енгізіледі. Бұл ретте жалақыны арттыру, жұмыспен қамтуды, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алудағы теңдікті және азаматтық құқықтарды іске асыру сияқты әлеуметтік сипаттағы бастамаларға да ерекше назар аударылды. Президент ұсынған жаңа экономикалық модель қаржы-экономикалық секторды реформалауды ғана емес, сонымен бірге адами капиталдың табиғи дамуын да қамтиды. Ұсынылған барлық жобалар егжей-тегжейлі есептеулер мен зерттеулерге негізделгенін түсіну маңызды. Бұл шаралар Президенттің мемлекет өмірінің барлық салаларында нақты реформаларды жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық бағыт.

Президент өз сөзінің соңында бүкіл елдің алдында ұлттық байлықты әділ бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын бекер айтпаған. Алдағы үш жылда (реформаларды іске асырудың белгіленген мерзімі) әрбір азамат дәйекті экономикалық даму нәтижелерін сезінуі тиіс.

Жалпы, жүзден астам түрлі идеялар мен ұсыныстар бар, олар бағыттардың барынша кең спектрін қамтиды және әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірыңғай жүйелік кешенінен құрылады.

Шикізатты өз елімізде өңдеуге басымдық беріледі

Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық арнауында отандық экономиканың драйверлерінің бірі ретінде өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өнеркәсіптік негізді қалыптастыру кезінде өзіміздің шикізатты, кадрлар мен тауарларды, басқаша айтқанда, өзімізде не бар соны барынша пайдалану маңыздылығын айтты.

Айталық кейбір отандық өндірушілер өзімізде бола тұра шикізатты сырттан алады. Себебі өзімізде қымбатқа түседі немесе басқа да себептері бар. Ол үшін елімізде тиімді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және Қазақстан аумағында өнеркәсіпті оқшаулау үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта негізінен шетелде жүзеге асырылатын табиғи ресурстарды қайта өңдеуді ел аумағында іске асыру перспективалық шешім. Осылайша, Үкіметтің алдында ғылыми-техникалық базасымен шетелдік компанияларды табиғи қазбаларды қайта өңдеуді Қазақстан аумағына көшіруі үшін қолайлы жағдайлар жасау және ынталандыру міндеті тұр. Мұндай формуланың ел экономикасына тиімділігі орасан. Атап айтқанда, жергілікті халық тұрақты жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарына ие болады, шетелдік инвесторлар шикізат логистикасына шығындарды қысқартады, мемлекет үшін салық түсімдерінің көлемі ұлғаяды, Мемлекет басшысы атап өткендей, олар әлеуметтік саясатқа (жайлы мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салуға) бағытталады. Сонымен бірге, мұнда өңдеу өнеркәсібі үшін шикізаттың жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге назар аудару өте маңызды. Өйткені кәсіпорынның тұрақты жұмысы үшін шикізатты үздіксіз жеткізу қажет. Бұл мәселеде тиімді баға белгілеу маңызды. Өйткені теңгерімсіздік немесе басқа кәсіпорындарға зиян келтіретіндей, кейбіреулер үшін негізсіз жеңілдікті шарттар болмауы керек. Мемлекет басшысы ықтимал шығындарды түсініп, Үкімет жұмысының осы бағытын ерекше атап өтті.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *