КӨРКЕЙГЕН ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

«Азаматтық бастамаларды колдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған «Birgemiz: Asyl Mura» жалпы ұлттық жобасының шағын гранттар байқауына қатысып Түркістан облысы Түркістан қаласының тұрғыны бастамашы топ Б.Абдуллаевтың ұйымдастыруымен «Көркейген Гауһар ана кесенесі!» тақырыбында шағын грант иегері атанды.

Жоба аясында жастарға Гауһар ана кесенесінің тарихы таныстырылып, кесене маңына екі қоқыс жәшігі қойылып, сырлау, тазалау жұмыстары жүргізілді.

 

 

Игі шараға өз үлесін қосқан  Түркістан қалалық  «Жастар ресурстық орталығы » КММ -сі, еріктілер белсенді жастар атсалысты.

Дүниежүзілік тазалық күніне орай кесене  басындағы қоқыстар тазаланып, сенбілік өтті.

Тазалықты сақтау — баршамыздың міндетіміз!

Тарихи, мәдени туристік орындарында тазалық сақтайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *