МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА – 100 ЖЫЛ!

 

Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қатысты.

Жиынды қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов ашып, Асанбай Асқаровтың өмірі және атқарған қызметтері жайлы баяндап, оның ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірдің экономикасын дамытудағы еңбегін туралы терең толғады.

Асанбай Асқарұлы ұзақ жылдар бойы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат.

Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады.

Асанбай Асқаров-экономика ғылымының кандидаты, профессор. «Тағдыр «,»Жұмақ пен тозақ жырлары»,»Көзқарас», «Ұлы Тұранның ұлдары» және көптеген кітаптардың авторы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған