ТАЛАЙДЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ТҮСКЕН – АЭС

Атом электр станциясын салу – қазіргі таңдағы ең маңызды мәселеге айналды. Бірі АЭС салудың пайдасын, енді бірі зиянды тұстарын саралап, қызу пікірталасқа айналды.
Көптің аузында жүрген бұл тақырыпқа құр қарап қала алмасымыз анық. Себебі бұл әрбір азамат үшін маңызды болуы тиіс деп есептеймін. Осы тұста менде АЭС-ті біздің мемлекетімізде салудың тиімді тұстарын атап өткім келеді.
АЭС салу арқылы электр қуаты бойынша Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанға тәуелділігімізге нүкте қоямыз. Бұл дегеніміз, электр қуатының арзандауына әкеледі. Тапшылық пен қымбатшылық мәселесі де ретімен шешіледі деп ойлаймын.
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл тақырып талайдың талқысына айналғаны рас. Атом электр станциясының ел экономикасына тигізер пайдасы ұшан теңіз. Ең бастысы – еліміздегі электр қуатына деген тапшылық проблемасын шешудің бірден-бір жолы болмақ. АЭС салу арқылы ірі және кіші өнеркәсіптен бастап, қарапайым халық өмірінің, тұрмыс-тіршіліктің жеңілдейтініне сенеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *