АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ БОЛАШАҚ БАСТАМАСЫ

Ең алдымен, АЭС салу үшін алаңды мұқият таңдауға мән беруіміз керек. Одан бөлек, төтенше жүктемелерге төтеп бере алатын ғимараттар мен құрылыстардың құрылымын және төтенше жағдайларға арналған іс-қимыл жоспарларын әзірлеу қажет. Ық¬ти¬мал тәуекелдерге қарамастан, қазіргі за-ман¬ғы атом электр станциялары ең қауіпсіз энергия көздерінің бірі болып табылады. Технологиялар мен қауіпсіздік жүйелерін үнемі жетілдіру апаттардың ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы Орталық Азия елдерінде электр энергиясының тапшылығы байқалады. Дәл осындай жағдай біздің елімізде де болып отыр. Бұл проблеманың алдын алудың бір жолы — атом энергетикасын дамыту. Осының арқасында Орталық Азия өңірінің мемлекеттері ұзақ мерзімді перспективада өздерін сенімді энергия көзімен қамтамасыз ете алады. 2009 жылдан бастап Қазақстан уран қорынан әлемде бірінші, ал табиғи уранның қорлары бойынша екінші орында тұр. Энергия тасымалдаушылар бойынша бірінші орында тұрмыз. Қазіргі кезде бұл біздің негізгі энергия тасымалдаушымыз екендігі айдан анық. Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың өте өзекті мәселе екендігін дәл қазіргі сәтте көрсетіп отыр.
Жалпы атап айтқанда, бізге көршілес Өзбекстан мемлекетінде алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданған болатын. Сондықтан бізгеде ештеңеден қорықпай ,еліміздің болашағын ойлап, алға нық қадаммен басуымыз керек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *