ТҮРКІСТАН: ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа барған мекеме басшысына,  заңсыз және арандатушылық әрекеттер жасаған қызметкерлерге жаза барынша қатайтылып, мемлекеттiк қызметшiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мiндеті жүктелді. Өйткені, барлық сала жұмысында жемқорлықтың жолын кесу, яғни, адал қызмет көрсету, сол мекеменің қызметкерлеріне тікелей байланысты. Жоғарыда аталған заңдар мен бағдарламалар халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған.

Осы күндері  құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше. Сол арқылы көп жұртты өз құқығын қорғап, басқада толып жатқан жаман харекеттерден құтқаруға болады.  нақтылап айтқанда жемқорлықтың жолын кесу дүние жүзінде өзекті өзектілігін жоймай келеді. Бұл мәселе бойынша  Қазақстанда да ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Жемқорлық көрінісін жоюға жәрдемдескен азаматтарға сыйақы беру заңмен қарастырылған, сондай-ақ, олардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етілген. Бұлардың бәрі жегіқұртпен күресте тиімді тетіктер. Десек те, елімізде жемқорлық құқық бұзушылық көрсеткіші азаяр емес.
Осы себепті, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда құқықтық сауат пен мәдениетке баса мән беру керек. Яғни, кез келген жағымсыз құбылыспен күресуді әрбір адам өзінен, отбасынан бастаса, күтілген деңгейге жетеріміз анық. Мысалы, еліміздің әрбір азаматы «Мен еліме не беремін, осы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін қандай үлес қосамын», — деген көзқараста болса, әлемдік мәселеге айналған кеселді жеңу мүмкіндігі артар еді. Таза қоғам отбасындағы тәрбиеден басталары талассыз.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында жемқорлыққа қарсы жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастау керектігі бекер жазылмаған. Өскелең ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін бала кезден қалыптастыру, оларды отансүйгіштік сезімде тәрбиелеудің қашанда маңызды. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі ең алдымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес өз кезегінде халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттырады. Бұған қоса жемқорлық, парақорлық іс-әрекеттерге барғандардың, мейлі ол лауазымды қызметкер, қарапайым жұмысшы болсын қылмысын әшкере етіп, БАҚ-тар арқылы жариялап отыру да кезек күттірмейді.
Соттарға енгізілген озық технологиялар сала жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда тиімділігін көрсетуде. Мемлекеттік қызметкердің кәсіби этикасын мүлтіксіз сақтау басты міндетіміз. Конституцияда көрсетілгендей, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сондықтан, заң нормаларын мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейінің алғы шарты болып саналады.
Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен елімізде адам құқығын сақтау сот биілігінің басты мақсаты. Демек, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін адал қызмет ету біздің азаматтық борышымыз.

Өркениетті қоғамда өмір сүруді қалайтын әрбір адам қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделілік танытуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа жұрт болып жұмыла қарсы тұруға үндейтін тиімді тетіктердің бірі – оның зиянын, сондай-ақ, мемлекеттің дамуына, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне келтіретін қауіп-қатерін ұдайы насихаттау екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Ендеше Түркістан облысының тұрғындарына құқықтық мәдениет туралы кеңесті ұсынуды жөн деп есептейміз: 

Қазіргі заман бізден күн сайын өзгеріп отыратын жаңа тенденцияларды талап етеді. Қазір мемлекет дамуына мүмкіндік беретін басты шарт – құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құру. Себебі ол құқықтар мен бостандықтарды сақтаудың кепілі ғана емес,  елдің инвестициялық тұрғыда жетілуінің негізгі өлшемі болып табылады. Алайда, бұл процесті халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырмай жүзеге асыру мүмкін емес.

Халықтың құқықтық білімін арттыру – азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды қадамы. Бірақ бұл мәселе біздің мемлекет үшін неге өзекті? Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады және қоғамда да құқықтық сананы қалыптастырады. Азаматтар мемлекеттік органдар, заңды немесе жеке тұлғалар өздеріне заңдарда көрсетілген толық жағдайларда ғана әрекет ете алатынын түсінуге тиіс.

Құқықтық мәдениет – бұл құрылымы көп қырлы және күрделі құбылыс. Құқықтар мен заңдарды біліп, оларды нақты өмір жағдайында қолданбасақ, заң мен құқық өз маңызын толықтай жояды.  Ал оны іске асыру үшін халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру және арттыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс қажет. Бұл күрделі және ұзақ процесс екенін нақты түсіну керек. Қазақстанда құқықтық өрістің қалыптасуының терең тарихи тамыры бар. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”, “Есім ханның ескі жолы” мен “Қасым ханның қасқа жолы” заң жинақтары соның жарқын мысалы болып табылады. Тіпті сол бір зұлмат заманда да біздің ата-бабаларымыз қазақ қоғамының келеңсіздіктерін реттеген Азаматтық құқық нормаларының рөлі мен маңыздылығын жақсы түсінді.

Құқықтық мәдениеттегі арнайы деңгей құқық, құқықтану, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесі сияқты құбылыстармен қарастырылады. Құқықтық мәдениеттің бірнеше элементтері бар:

  • – жеке тұлғаның құқықтық санасы;
  • – -қоғамдағы құқықтық қатынастар;
  • -заңдылық пен тәртіп;
  • -заң шығару,
  • – мемлекет пен құқық саласындағы басқа да қызмет түрлері.

Әртүрлі мәселелерді шешу үшін немесе олардың алдын алу үшін алдымен азаматтар өз құқығын жоғары деңгейде білуі, қорғай алуы қажет. Олардың ауқымы өте алуан түрлі, бұл отбасылық қатынастар, жеке меншік құқығын қорғау, өмір мен денсаулық қауіпсіздігі, білім беру және әлеуметтік қауіпсіздік болуы мүмкін. Қазақстандық қоғам азаматтың еркін дамуына толықтай мүмкіндік береді. Адамның қабілеттерін дамыту мен пайдалану жеке азамат үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін пайдалы болары анық. Қарапайым тілмен айтқанда, әр азамат өзінің құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуі керек. Сонымен қатар, әр азамат өз мүдделерін қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа адамның құқықтарын, бостандығын құрметтеу өте маңызды. Әрине, елдегі барлық қолданыстағы заңдарды білу мүмкін емес, бірақ оның негізгі ережелерінің жалпы мазмұнынан хабардар болған дұрыс.

Жылдар өткен соң, біздің еліміздің азаматтары тек заңды білетін ғана емес, сонымен қатар сертификатталған маманға қарсы тұра алатындай деңгейде сауатты болатынына кәміл сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *