
Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамдағы кәсіпкерлердің құқығының қорғалуы мен маңыздылығын және олардың құқықтық принциптерін ұсынамыз.
Кәсіпкерлік құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның үйғарымының мағынасынан туындайтын, кәсіпкерлік-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дүрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарамақайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсіндіреді.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық принциптерінің кеңестік кәсіпкерлік құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре келе жөне оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі кәсіпкерлік құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, кәсіпкерлік-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде және орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны жөне т.с.с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бүл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтаңдырылған, әміршіл-әкімшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.
Бүгінде кәсіпкерлік құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:
— кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі;
— меншікке қол сүғылмайтындығы;
— кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі;
— мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге
және жеке өмірге араласпауы;
— кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектшері — кәсіпкерлер мен түтынушынарды қорғау;
— несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау; — кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы.
Барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен — ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардын көшцілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген жөне » Кәсіпкерлік зандардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бүл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады және біртұтас заңды жүйе болып табылады. Енді осыларды қарастырып көрейік. Кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай жалпы методологиялық алғышартқа байланысты: бір-біріне бағынбайтын субъектілер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектілері болады, заң оларды кәсіпкерлік құқықтарды иеленуде, жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттері жөнінен және олардың бүзылуы үшін де тең деп біледі. Кәсіпкерлік құқық субъекттлершің ешқайсысы бір-біріне бүйрық бере алмайды, соңдықтан өзара келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ айтқанда, субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді: кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет немесе оның экімшілік-аумақтық бөліністері өздерінің кәсіпкерлікқұқықтық серіктестерінен— азаматтан немесе занды тұлғадан ешқандай артық-шылықтарға ие болмайды; кез келген нысаңдағы заңды тұлға кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретіңде жеке тұлғаларға теңестіріледі;шетелдік азаматтар және шетелдік занды тұлғалар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалары секілді, кәсіпкерлік құқықтар мен міндеггерді иеленеді.
Заң актілерінің тікелей үйғарымы бойынша мүндай тендіктен кейбір ерекше жағдайларға орын берілуі мүмкін (мысалы, қараңыз: «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 ж. 19 маусымдағы ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы).3
Меншікке қол сүғылмайтындығы. Бүл принцитттің маңыздылығы мынада — меншік елдід бүкіл экономикалық жүйесінің іргетасы болын табылады. Бүл принцип мемлекетке мемлекеттік емес меншікке қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бүрынғы нүсқаулардан бас тартуды біддіреді. Сондықтан меншікке қол сүқпау принципі ҚР Констиіуциясыңда да (6 және 26-баптар) баянды еітілген.
Меншікке қол сұқпау дегеніміз ең алдымен меншік иесінің өз мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез келген мақсатқа жету үшін өзінің еркін қалауы бойынша пайдалану мүмкіндігін тануды біддіреді (АК-ның 188-бабы). Бүл соңдай-ақ меншік иесіне әлде бір етемақының төленетінін-төленбейтініне қарамастан, меншік қүқығының мәжбүрлі тоқтатылуына жол берілмешіган де білдіреді. Мынадай бүлжымас ереже әрекет етуі тиіс: бүған тікелей занда көзделген негіздер болғанда ғана меншікті ықтиярсыз алып қоюға жол беріледі. Сондықтан меншік қүқығын соттың шешімімен ғана тоқтатуға болатынына сілтеме жасау жеткіліксіз болады. Шешімнің өзі дәлме-дәл занды негізге сүйенуі тиіс.
Меншік иесінің мүмкіңдіктері, әлбетте, шексіз емес, бірақ заң олардың шегін айқын межелейді: заң жүзінде тыйым салу билік ету құқықтарын шектеу. Бірақ мүндай тыйым салулар мен шекгеулер жария мүдделерді қорғау шаралары ретівде ғана қодданынады. Кәсіпкерлік заңдар меншік қүқығынан басқа, иелеріне өз мүлкін өз мүдделеріне сай тікелей пайдалануға мүмкіндік беретін кейбір басқа да заттық құқықтарды көздейді: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу қүқығы, оралымды басқару құқығы, түрғын үйге меншік құқығы . Меншік қүқығына қарағанда, мүндай құқықтар қашан да туынды болады, мүндай заттық құқықтардың иелері үстінде мүліктің меншік иесі түрады. Мүндай заттық құқықтардың өкілеттігі шекарасын, әдетте, зандар, сонымен қатар меншік иесінщ, еркі белгілейді.
