Ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы 7,7 млрд теңге үнемделді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп келеді. Бұл механизм қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз етеді. Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласында және 7 ауданында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Пилоттық жобаны іске асыру кезінде балабақшалардағы кезектілік 93 мың орынға қысқарды. Нәтижесінде 7,7 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл тәжірибені қыркүйек айынан бастап жылдың соңына дейін барлық балабақшаларға кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр», – деді Ғани Бейсембаев ҚР Үкіметінің отырысында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *