Израиль Газаны толық басып алу жоспарын бекітті

Израиль армиясы Газа қаласын толықтай оккупациялау жоспарын ресми түрде бекітті. 13 тамызда Бас штаб басшысы Эяль Замир ішкі қауіпсіздік қызметі «Шин-Бет» өкілдерімен кездесіп, операцияның негізгі кезеңдерін талқылады. Сол жиында Газаның оңтүстік-шығысындағы Зейтун ауданындағы соңғы шабуылдар да сөз болды.

Ресми мәліметке сүйенсек, жаңа әскери қадамдар Израильдің саяси басшылығы бекіткен нұсқауларға сәйкес жүзеге асады. Дегенмен, 7 тамыздағы Қауіпсіздік министрлер кабинеті отырысында Бас штаб пен кейбір министрлер арасында бұл жоспарға байланысты айтыс-тартыс болған.

Ақырында, Қауіпсіздік кабинеті Газа қаласын басып алу жоспарын ресми түрде мақұлдады. Бұл шешім аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *