Монета биметаллды — ортасында тантал, сырты күміс (Ag 925) — материалдарынан жасалып, салмағы 84,32 грамм, диаметрі — 50 мм.
Оның бір бетінде Қазақстанның гербі, ұлттық атауы, Ұлттық банк логотипі мен номиналы бейнеленсе, екінші бетінде цифрлық технологияларды символдайтын теңге таңбасы «₸» және «ТЕҢГЕГЕ 30 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан.
Коллекциялық монеталар төлем құралы болып саналады, яғни Қазақстанда кез келген банк және қаржылық институттарда номиналдық құны бойынша қабылданады.
