Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, үш ай ішінде бір адамның банк картасына әртүрлі адамдардан 100-ден артық аударым жасалып, жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, ол ресми табыс ретінде есептеледі.
«Егер бір адам қызына, әкесіне, бауырына ақша аударса – ешқандай сұрақ болмайды. Тіпті бұл 1 млн, 2 млн теңге болса да – ешқандай мәселе жоқ. Тағы да айтамын – үш шарт бір уақытта орындалуы керек.Біріншіден – 100 түрлі адам. Егер екі адам бір-біріне аударым жасаса, тіпті 10 адам болса да, бұл критерийге жатпайды. Екіншіден – егер 100 адам қатарынан үш ай бойы бір адамға ақша аударса. Үшіншіден – бұл сома 1 млн теңгеден асуы керек», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Мобильді аударымдардың кәсіпкерлік табысқа жататыны расталса, азаматқа ресми хабарлама жолданады. 30 жұмыс күн ішінде заңбұзушылықты түзету міндеттеледі. Талап орындалмаса, салық органдары тексеріске келеді.
