Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Жеке кәсіпкер Рашид Аминов 15 соттық жылыжайға қияр, 10 соттық жерге қызанақ егіп, табысты еңбек етуде. Кореялық үлгіде салынған жылыжайдан жылына екі рет өнім алынады. Кәсіпкер 2018 жылдан бері қияр өсірумен айналысып, жылына 25 тоннаға дейін қияр мен қызанақ өнімін жинайды. Өнімдері Кентау қаласына жеткізіліп, ауыл дүкендеріне де сатылымға шығады.
Сонымен қатар, кәсіпкер 10-ға жуық ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығымен айналысатын 30-дан астам шаруақожалық бар. Олар да түрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп, өнім көлемін ұлғайтуда.
