Цифрландыру арқылы көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңге шығарылды

2021 жылдан бастап жүргізіліп жатқан ауқымды цифрлық трансформация көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі – 51,3 млрд теңге.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілер төмендеді, деп хабарлайды Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Салаларды цифрлық трансформациялау аясында QazTech ұлттық платформасы әзірленді. Бұл модель жаңа ІТ-шешімдерді енгізу мерзімін 1,5–3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазір QazTech-те мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Ұлттық экологиялық деректер қоры жұмыс істеп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *