САУРАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ жауапты бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен көші-қон саласындағы жұмыстардың жай-күйі мен профилактикалық шаралары қаралды. Бұл мәселе бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы Абидинов Алмат баяндама жасап, шетел азаматтарының тіркелуі, еңбек миграциясына бақылау жүргізу және заңсыздықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Келесі кезекте жол-көлік оқиғаларының профилактикасы қаралды. Соңғы уақытта орын алған жағдайларды саралаған полиция бөлімінің бастығы Абидинов Алмат мен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы баяндап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ апатты азайтуға бағытталған кешенді шараларды ортаға салды.
Отырыстың тағы бір маңызды тақырыбы — пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселесі болды. Бұл ретте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Даурыхан сөз алып, босатылған азаматтарды еңбекке тарту, бекітілген квотаның орындалуы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет берді.
Жиын барысында сөз алған аудан прокуроры Алмаз Асылбеков құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құқықбұзушылықтың алдын алу — қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі екенін айта отырып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе көші-қон, жол қауіпсіздігі және әлеуметтік бейімдеу бағытында кешенді іс-шараларды уақытылы орындауды міндеттеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *