Қарызды өшіру үшін азаматтардан қосымша өтініш талап етілмейді. БЖЗҚ басшысы Жанат Құрмановтың айтуынша, бұл жаңа Салық кодексіне сәйкес реттеледі.
Бұған дейін салымшылар қаржы алған кезде салықты бірден төлемей, кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болатын. Соның салдарынан оларда «салық қарызы» қалып келген. Жаңа ережеге сай, бұл қарыздардың бәрі автоматты түрде күшін жояды.
